Тынымбай Нурмаганбетов

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beРодился в 1945 году в бывшем совхозе «Бирлик», Яныкурганского района, Кызылординской области. В 1968 году окончил филологический факультет Кызылординского педагогического института имени Н. В. Гоголя, а в 1980 году Высшие литературные курсы при Литературном институте имени М. Горького в Москве. Автор около десяти книг, вышедших на казахском языке. Имеет произведения и в жанре драматургии. В разное время книги автора печатались во всесоюзных издательствах «Советский писатель», «Молодая гвардия», «Детская литература». Произведения писателя переведены на русский и некоторые другие языки. На сценах республиканских театров с большим успехом идут ряд постановок автора. Пьеса «Воры» является одной из последних работ автора, которые впервые переведены на русский язык.

Рассказ "Какаду"

Синопсис

Т.Нұрмағамбетовтің «Какаду» әңгімесінде мысал жанрының элементері бар. Какаду есімді тотықұс Бәйгелдінің қолына Тәкежан деген досынан келіп түседі. Бұл кезде Бәйгелді жұбайымен арасы суып, жалғыз жүрген, ал Тәкежан деген досы белгісіз себептермен шет елге кетіп бара жатыр. Ал Алматыдағы Ерік деген досы бір жүрген суайт әрі бүгінгі күнге өте-мөте лайық адам. Бір сөзбен айтқанда хамелеон. Қазақстанда осындай адамдардың жолы болғыш, ал Тәкежан мен Бәйгелдінің тағдырлары аумалы-төкпелі. Бірі – бай, бірақ ешқайда сыймайды, сондықтан шет ел асып бара жатыр, ал екіншісі – ішкіш, өмірге икемі аздау. Ол әділетті жақтайды, сөйтсе де отбасында бақытсыз. Бәйгелді Тәкежанның тотықұсымен «сырласып» өмір кеше бастайды. Оған ол қасықтап арақ ішкізуді үйретеді. Бәйгелді мерседес мінген біреудің жұмысын істеп, жүз доллар алады. Бұл көп ақша, бірақ не істеп жүргенін Бәйгелді өмірі білген емес. Анығы: жер қазады, ал оның қандай қажетке жарайтыны белгісіз. Бәйгелдінің жазу-сызудан, оқудан хабары болғандықтан, Ерік досы диссертация жаздырып, аздаған ақша да береді. Осы табыстарын Бәйгелді мен Какаду тамақ пен араққа жұмсап, тату-тәтті тұрып жатады. Бірде оларға Ерік келе қалады, ол тотықұсты бере тұр деп Бәйгелдіден сұрап алып, оны біреуге сыйлап жібереді. Тотықұсты алған адам бірден қызметі өсіп кетеді. Ерік те мансапқа ие бола қалады. Бәйгелді болса, досына ренжіп, өзі жалғыз тұрып жатады. Какадуды ойлайды, есіне алады. Өйткені, Бәйгелдінің еске түсіретін ештеңесі қалған жоқ. Ал тотықұстың жөні бөлек, ол мұның сөзін айнытпай қайталағанымен қоймай, басынан сыйпап еркелеткен еді. Бір күні газет қарап отырып, Какадудың Үлкен кісіге сыйланып кеткенін оқиды. Арада көп өтпей бір орыстілді адам бұның тотықұсын торға салып әкеп тұр. Ауырып қапты, оны атақты құс дәргерлердің бәріне қаратыпты, бірақ жазылмай қойса керек. Үлкен кісі бұны өзінің бұрыңғы иесіне апарып беріңдер, өзі емдесін, бірақ қайта әкелесіңдер деп бұйырыпты. Сөйтіп, атағы жер жарған тотықұсқа қызығушылар көбейіп кетеді. Бір компанияның жігіті мыңдаған доллар берем дейді. Ерік оны тағы да сатып пайда тауып қалғысы келеді. Ауыруды Австралияда емдетеміз деп миллион долларға дейін үлкен кісіден ақша алмақ болады. Ал тотықұс болса, Бәйгелдімен басқаша сөйлесетін әдет тапты. Иесін мақтайды, өзін жамандайды. Ол арақты өзі сұрап ішеді және мас болып ап қай-қайдағы саяси әңгімелерді айтады. Қазіргі Қазақстанның билік жүйесіне сипаты келетін сөздерді соғады. Оны үлкен кісі айту мүмкін. Тотықұс соны естіп алып қайталап отырған сияқты, ал ішетіні де біреуден жұққан... Соңында араққа салынып, ақылынан алжаса бастаған тотықұс, оны сатуды ойлаған Ерік пен Бәйгелді, сатып алмақшы болған компаниядан келген жігіт және үлкен кісінің сенімді адамы Саят есімді біреу Какадуды өлтіріп тынады. Бәрінің де жоспары быт-шыт болады. Австралияға қашпақ ойлары (Ерік пен Бәйгелді) да жүзеге аспай қалады. Соңында Бәйгелді араққа қайта салынып кетеді (ол арақты қойған болатын). Түсіне тотықұс кіреді, ол құсқа айналып кеткен тәрізді. Ғажап орман, көп құстар, Бәйгелді болса олардың тілінде бірдеңе айтып жүреді. Ал құстардың жүзінде таңданыс, көздерінде жас бар. Әйтеуір, қазір анығын айтуға болмайтын өзгеше өмір деп автор әңгімесін аяқтайды. Ащы юмор, уытты сатира, тіптен сарказмге суарылған көркем тіл мен кейіптеулері арқылы бүгінгі Қазақстан жағдайын бейнелеген «Какаду» әңгімесінің саяси астары бар. Оқырман қазіргі халімізді бағамдау үшін осы әңгімені оқиды. Бұнда біздің замандастарымыздың мінез-құлқы, таным-түсінігі, мақсат-мүдделері сыналған. Тек атақ үшін, ақша жолында жалғандықпен өмірін өткізіп жүрген пенделердің ғасырлық қылмысына куә болып, тотықұс пен Бәйгелді ғана қалды. Бәрін ашып айтуға құстың тілі жетпеді, ал тілі жетсе де дәті жетпей Бәйгелді ішіп кетті. Тек түсінде ғана шындықтың шымылдығы түрілетін сияқты, бірақ түске адамдарды сендіре алмайсың ғой. Сол секілді қазіргі уақыт та түс тәрізді. Міне, осыны Т.Нұрмағамбетов көркемдік әдіспен жорып көреді. Автор адамдарға кейбір келеңсіз әркеттер мен қылықтардың астарын ашып көрсетуге ықылас қойған. Оқушы өзі сараптауға тиіс нәрселердің шылбырын ұстатып, ақылмен, арыңмен қабылда дейтіндей. Шет елге кетудің де көптеген себептері бар. Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар немесе керісінше. Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (10 голосов, средний бал: 3,90 из 5)
Загрузка...