Я обучалась в школе с углубленным изучением казахского языка и литературы.
В университете получила образование на французском языке.
Имею степень магистра юриспруденции, которому обучалась во Франции.
В данный момент занимаюсь своей авторской программой о поэзии, которая выходит в эфир на национальном телеканале “Казахстан”. Свой первый стих написала в 9 лет.
В моем понимании, поэзия это характер, а характер это судьба. Поэта не спасут никакие государственные награды и разные привелегии. Истинного поэта определит время и стихи написанные от сердца. В моих стихах нет места лжи. Стихи это словно молитва, это дело моей чести. Добро пожаловать в мой мир!
Поэзия “Молитва”
отрывок
Дұға
Ең сенімді адамың сатып кеткенде –
Төзімді болуды үйретші.
Ақылым үстемдік құрғанда-
Сезімді көруді үйретші.
Ақ көйлегімді малмандай етіп,
Көшеде көлік батпағын шашып кеткенде-
Қарғамауды үйретші.
Алдасам да өзімді-
Сəбиімді алдамауды үйретші.
Менің аппақ ниетімді жамандыққа жорығанда-
Сабырлы болуды үйретші.
Құдайы жоқ адамның да бойынан-
Тəңірді көруді үйретші.
Ең қаралы күндерде де-
Сəбидің ұйқысымен қалғуды үйретші.
Ең жаралы түндерде де-
Айға қарап қарғуды үйретші.
Ессіз ғашық кезім де де-
Үнсіз қалуды үйретші
Күнбағыстай болмысыммен-
Күнсіз қалуды үйретші.
Бүкіл əлем тарылғанда-
Кең болуды үйретші.
Жараланып жатып өзім-
Жаралыға ем болуды үйретші.
Ең болмаса бір адамға əлемде-
Шүбəсіз сенуді үйретші.
Өзімді жеңуді үйретші.
Күнаһар мына əлемді-
Күнəсіз көруді үйретші.
Ең жеңіл сөз, ең ауыр болып естілгенде-
Құламай қалуды үйретші.
Көңіл кірлегенде, сезім ескіргенде-
Жыламай қалуды үйретші.
Нəзік жүрегімді, нəзіктер жаралағанда-
Кешіруді үйретші.
Аппақ əлемді, аппақтар қаралағанда-
Өзіме ғана өшігуді үйретші.
Ең жақын адамым жан даусымды естімегенде-
Оны жай ғана сүюді үйретші.
Жеңілуді үйретші..
Шегінуді үйретші…
Өзгерсін десең тағдырым,
Қаймана басымды июді үйретші.
Өтінем……