Серик Асылбекулы

02-001Серик Асылбекулы Асылбекулы Серик родился 18 сентября 1951 года в Кызылординской области. Закончил филологический факультет Казахского государственного педагогического института в 1973 году. Член Союза Писателей Казахстана, доктор филологических наук, профессор. С.Асылбекұлы - автор следующих художественных произведений: «Кешігіп қайтқан тырналар» (Алматы, издательство «Жалын»,1981), «Оттан да ыстық өмір» («Жалын», 1984), «Мұғалімдер күні» («Жалын», 1986), «Зимние каникулы» («Жалын», 1989), «Прощальный бал» («Балауса», 1993), «Сағыныш» («Рауан», 1994), «Ата жұртта» («Жазушы», 1996), «Түнгі қаланың әні» («Жазушы», 2005), сборника рассказов, повестей, пьес «Рәбиғаның махаббаты» («Нұрлыpress.kz», 2015) и сборника публицистических статьи «Қазақ мәдениеті – қазақ мемлекеттілігінің жүрегі», монографии «Қазақ повесі (Генезисі, эволюциясы, поэтикасы)», а так же Избранных произведений двухтомника (издательство«Фолиант», 2008) Т.Молдагалиев, А.Кекилбаев, С.Муратбеков, К.Найманбаев, Д.Исабеков, Р.Сейтметов, Е.Обаев, А.Сыгай, Н.Казыбеков, С.Ашимбаев, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, К.Мадибай, А.Бопежанова, К.Жиенбай, К.Ергобек, Р.Әбдигулов, и многие другие хорошо отзывались о творчестве писателя Серика Асылбекулы в разных СМИ страны за весь период его деятельности. А так же лауреаты Государственной премии СССР Анатолий Алексин («Комсомолская правда», N119, 1984), и Юрий Верченко(«Известия», N120, 1984) признали профессиональное мастерство С.Асылбекулы. Исследовательские труды С.Асылбекулы изданы в зарубежных научных изданиях (Россия, Украина, Монголия, Қыргызстан, Китай). Переводил с русского языка на казахский язык рассказа Л.Н.Толстого «Будда», рассказа Ги де Мопассан «Одиночество» , 1 раздел романа Ш.Айтматова «Жаңғырық» («Плаха»), некоторые произведения М.Пришвина, А.Гринн, А.Васильевича, В.Железникова, Г.Далидовича. С.Асылбекұлы - популярный драматург. Его пьесы «Любовь Рабиги», «Ночь прозрения» «Осенний романс» вызывают к совести, добру, любви к ближнему и долгое время находятся в репертуарах театров Казахстана.

Рассказ "Бөтеннің тойы"

Отрывок

Құлтай қыр төсіне қыз емшектеніп шаншыла біткен биік боз төбенің басында шынтақтап жатыр. Ауық-ауық мойнын созып, төмендегі кең жазыққа бытырадай шашылып кеткен отардың о шеті мен бұ шетіне байырқалай көз салып қояды. Бұл мезетте отардың алды көз ұшында нар түйедей көлбеген Қоспақтөбенің қырқасына барып ілінген. Манағыдай емес, ауыздары көп шиыр бола қоймаған таза жердің күреңселі мол отына тигеннен кейін жөңкуін саябырсытып, қадалып қалыпты. Арқасын кеңге салып бытырап кеткенімен, пырдай боп қозғалмастан жатыр. «Мейлі, жайыла түссінші жануарлар...» Құлтай отарды қайыруға асыға қоймады. Боз төбенің етегінде тұрқы қысқалау келген ерттеулі торы ат жайылып жүр. Иесінің тұсау салмай, бос жібергеніне қарағанда, илеуге көндіккен жуас жылқы сияқты. Аттың жайылуынан тұруы көп. Ауық-ауық оттауын доғара қойып, күнмен бірге көтерілген даланың анау-мынау қоңыздай дәубас көк соналарымен «айқасып» кетеді. Сәске түс. Көкжиектен арқан бойы көтерілген шілденің шағырмақ күні ақ шағыл белдердің иығына шығып алып, елсіз құм ішін маужырата бастаған. Үп еткен жел жоқ. Ту...у алыстан мұнартқан көгілдір сағым көштері бабымен ұйыған тәтті қатықтың бетіндей дір-дір етеді. Әр жерден сексеуіл мен тарбиған дүзгендер ербиеді. Үй орнындай ғана оймақ тақырдың бір шетінде аптап пен аңызаққа ысталған күрең шөптесіннің арасынан жалғыз түп жыңғыл ерекше бөлектеніп, жап-жасыл боп көгеріп тұр, жыңғылдың үстінде көптен бері бір титімдей сары шымшық қонып отыр: сірә, ол ұясын бұтаның қою көлеңкесіне салған болуы керек. Алыстан темір жол разъезінің маңынан, салдыр-гүлдір сілкінген ауыр жүк составының орнынан баяу қозғалған үні құлаққа талып естіледі. Құлтай мұқабасы мыж-мыж болып, әбден ескірген жуан кітапты көңілсіздеу жаба салды. Ауыр состав доңғалақтарының дүрсілдеген бірқалыпты ырғағы бірте-бірте бәсеңдеп, өше берді. Сәлден кейін пойыздың өзі де көкжиекке сіңіп көрінбей кетті, артында жалғыз белгі боп шүйкедей түтеленген жеп-жеңіл бұйра түтіні ғана шұбатылып қалып бара жатты. Құлтай бір түрлі жалғызсырап кетті. Әрі өткен, бері өткен пойыздарды көзбен шығарып салу оның жастайынан бойына сіңген әдеті еді. Жаңағы беймәлім қиырларға жол тартқан ауыр жүк составы да оның көкірегін сағынышқа толтырып, жүрегін шым-шым сыздатып өте шықты. Мектепте оқып жүрген кездері Құлтай интернаттан босанып, жайлаудағы қойлы ауылға оралар шақты қатты аңсаушы еді. Әсіресе қыр төсі бәйшешекке оранып, жазғы демалысқа шығар сәт таялған сайын ұйқысы қашып, сағыныштан, сол бір бақытты шақты іштей тағатсыздана күтуден тым жүдеп кететін. Оңаша қойлы ауыл, айлы аспанның астында мүлгіген қараша үйлер, қотандағы бырт-бырт күйіс қайырған отар жақтан лүп еткен желмен бірге ауада тербеліп тұрып алатын шуаш пен көңірсіген қи иісі, бет-аузы ерте әжімденіп, торала-торала боп кеткен шешесі мен үңірейген суық жүзді, биік қара сұр кісі — әкесі есіне түссе-ақ болды, бала жүрегі қанасын тарлық еткендей дүрсілдеп қоя берер-ді. Ауылға келгеннен кейін де екі-үш күнге дейін сол сағыныш оты бәсеңдемей, өзінің осы шадыман, бақытты шағына шын иланар- иланбасын білмей, өң мен түстей бір халде жүретін. Келген күннің ертеңіне-ақ Құлтай көкесінің мыжырайған ескі қырғыз қалпағын бастыра киіп ап, қой соңынан кетеді. Бала тек сол үшін ғана өзінің тағдырына шексіз риза еді. Бір ғажабы, ол кезде Құлтай мұндағыдай жалғызсырауды, іш пысуды білген емес. Айдалада қой жайып жүрген адырақ көз, қара балаға ермек қылар бірдеңе дәйім-ақ табыла кетер-ді. Әсіресе оның ерекше құмартатыны — қойдың алдын бір қайырып астап, дала төсінде домбыраның қос ішегінше сымдай тартылып жатқан шойын жолдың екі жағын армансыз шарлау еді. «Дүниеде пойыз жолаушыларынан өткен бай халық жоқ шығар. Тамақтың ең асылын, темекінің де ең тәуірін солар шегетін болуы керек, — деп ойлайтын бала жолдың жиегінде бей-берекет мырзалықпен шашылып жатқан консервінің небір әдемі құтыларын, кәмпит, темекі салған жылтырақ қорапшаларды қолына алып, тамашалап тұрып, — Әйтпесе осынша тегін дүние қайдан келе береді». Жылтырақ қорапшаларды тастап кетуге қимай Құлтай көпке дейін оларды айналдырып қараумен тұратын. Қораптардың сыртындағы әрбір жазуды да шұқшия зерттейтін. Болгария, Венгрия... тіпті құтылардың сыртында алыстағы ғажайып ел, мәңгі жаз жайлаған Индияның да аты кездесіп қалатын. «Апыр-ай, жер дүниенің затын қалай жинай берген. Рас, пойызда нағыз мықты, мырза адамдар ғана жүреді екен». Қара бала ол кезде экспорт-импорт атты құдіретті сауда жолдарын қайдан білсін... Қызық еді. Құлтайдың таппайтыны болмайтын. Тіпті бірде ойда жоқта ақша да тауып алды-ау. Бұтаның түбінде нарттай қызарып бір он сомдық жатыр! Бала алғашқыда өз көзіне өзі сенбеді, шынында, мұндай кездейсоқ, ерекше олжаның оған бірінші кездесуі еді. Сол күні Құлтай күнді батыра алмай қойды. Кешкісін ат басындай алтын тапқаннан кем қуанбай ерекше олжаны шешесіне салтанатпен табыс етті. Өңінде ерекше мақтаныш бар еді.
  • Жаным-ау, мынауың не? — деген шешесі әуелі дәнеңе түсіне алмай дал болып. — Мұны қайдан алып жүрсің?
  • Шойын жолдың жиегінде жатыр. Тауып алдым! — деді Құлтай қуанғанын жасыра алмай. Шешесі жақтырмай қалды.
  • Тә, кәпір! Онда саған не бар, парауыз қағып кетсе қайтесің? — Дәл осы кезде қойды иіріп болып, үйге әкесі де ене беріп еді. Шешесі енді соған бұрылды.
  • Көкесі-ау, мына жертартқырың шойын жолды жағалайтын көрінеді ғой. Өткен жылғы әлгі Ермақанның баласы құсап...
  • Жә, тантымашы... — Әкесінің онсыз да қатал жүзі түтігіп кетті. — Аузыңа құдайдың екі елі қақпағы жоқ-ау сенің. Сөзін сөйлейтін кісі табылғанымен, Құлтайдың әлгі екпіні, тау құлатқандай өрекпіген көңілі су сепкендей басылып қалды. Айтты-айтпады адырақ көз қара баланың басқаларға қарағанда бір мұңы артықтау боп өсіп еді...
Шешесінің тыйым  салғанына қарамастан, Құлтай бұдан кейін де темір жолды жағалауды қойған жоқ. Әрі өткен-бері өткен пойыздарды шығарып салу енді үйреншікті кәсібіне айналды. Дүниедегі ең бақытты адамдар пойыз жолаушылары болып көрінетін оған. «Шіркін-ай, осылардың біріне мініп алып жер жиһанды бір айналып шығар ма еді», — деп қиялдайтын бала көкжиекке сіңіп бара жатқан жасыл вагондардың артынан телміріп. Қазір Құлтай жиырманың үстіне шықты. Бірақ пойызға деген құмарлығы басылған емес. Рас, одан бері пойызға бірнеше рет мінді. Алайда ары кеткенде облыс орталығынан аспапты. Онда да бесінші класс оқып жүргенде құлағы ауырып, жергілікті дәрігерлер әрі-бері себебін таба алмай қойған соң, көкесі емдетуге апарған. Ақыры емделу мерзімін ұзатып алғанның кесірінен сол құлағы шала еститін болып қалды. Дәрігердің айтуынша, кішкене күнінде суық тигеннен. Облыстық емхана Құлтайды ұзақ емдеді. Сол жылы класта орнында қалды. Келесі күзгі сентябрьде оқуға келсе, балалардың бәрі мұның құлағының тарихына әбден қанып алыпты. «Саңырау!» деген ең қорлық мазақты көтере алмай, күздің қара суығында совхоз орталығынан  қырық шақырым жерде отырған аулына бір түнде қашып шықты ғой Құлтай. Жолда келе жатып өксіп-өксіп жылады-ай. Ол жолы интернаттың тәрбиешілері машинамен жер ортадан қуып жетіп, қайта алып кетті. Бірақ тәрбиешілердің еңбегін үнемі зая кетіріп, Құлтай түнделетіп қашуды жиілетті. Ұрысқанға да, алдағандарына да көнбеді, меңірейіп тұрып алды. Оның үстіне басқа балалар жыл өткен сайын интернатқа бауыр басып, еркін үйреніп кетсе, Құлтайдың даланы, әке-шешені аңсауы ес білген сайын ұлғайып, күшпен ұстап тұруға болмайтын бір ішкі долылыққа айналған еді. Ақыры әке-шеше де, тәрбиешілер де көнді. Құлтай он үш жасында мектепті, оқуды, у-шу поселке өмірін тастап, қойлы ауылмен бірге қыр жайлап кетті... Кейін сол құлақтың себебімен әскерден де қалды. Пойызға мініп, жер жиһанды бір айналып шығу туралы қиял осымен доғарылғандай еді. Сол бесінші кластағыдан кейін мынау тұрған облыс орталығына да бармапты. Рас, қыдырып қайтуға да болар еді, онда Құлтайдың туған ағасы тұрады. Әлдеқашан өз алдына үй боп кеткен. Әйелі, екі-үш баласы бар. Өзі автопаркте механик. Соған барудың бір иіні келмейді. Ағасы да керім-ақ. Құлтай баққан жылқының қазы-қартасын қапқа салып тасығанда жақсы, ал інісін айында-жылында бір ретін тауып қонаққа шақыруды білмейді. Жалпы, бір туысқаны болмаса ағалы-інілі екеуінің тумысы да, түрі де екі басқа. Бірі — заман ағымына икемделгіш пысық, бірі — көктемде арнасынан қашып шығып дариядан бөлектеніп қалған қара судай тұнық. Ағасы — құлағынан күн көрінген жұқалтаң, сары; інісі — түз сексеуіліндей тарбиған төртбақ, қара торы. Мұның биыл оныншыны бітіретін інісі де сол ағасына тартқан сары. Ол да пысық-ақ: тіпті өзінен бес-алты жас үлкен Құлтайды үйретіп отырады. «Ол да мұнда тұрақтамас, — деп ойлайды Құлтай қабағын шытып. — Оқуға түсем, түсе алмасам, заводқа кіремін. Мұнда не, құлаққа ұрғандай тыныштық... басқа не бар қызығатын. Құлтай, (ол мұны атымен атайтын) осы сен қалай жынданып кетпей жүрсің? — деп отыратын еді ғой. — Иә, мұнда ол ешқашан қалмайды». Құлтай іштей туысқанының екеуіне де ерегісіп алды.. «Әй, қалмаса атамнан әрі, жөніне кетсінші бәрі...» Туысқандарының ішінде мұның іші жібитіні — осыдан үш-төрт жыл бұрын совхоз орталығындағы бір жалғыз басты тракторшы жігітке күйеуге шығып кеткен қарындасы. Жиірек қатынасып тұратыны да соның үйі. Қанша айтқанмен, кейде қойшының бірқалыпты тірлігі жалықтырып жібереді. Өрекпіген жас көңіл бір кездері бірге өскен құрбы-құрдасын, шат-шадыман сауық кешін, жинақы жылы үйді, ең бастысы адамдардың ықыласын аңсап алабұртады-ай. Сондайда қыстаудан отыз-қырық шақырым жердегі совхоз орталығына тор дөненді аяңдатып тартып кетеді. Жүрісті атқа отыз-қырық шақырым дегенің бұйым емес: ауылдан ертерек шықса, түс болмай-ақ поселкенің еріккен иттерін абалатып жетіп барады. Енді бірде торы дөненнен көңілдене ырғып түсіп, көлігін қарындасының шағын албарына байлап жатады. Дәл осыны күтіп тұрғандай-ақ, сенектен делеңдеп жүгіре шыққан қара торы жас әйел Құлтайдың мойнына асыла кетеді. Қойшы жігіт қарындасының жылдан-жылға мүсінденіп келе жатқан шынардай балғын денесін бір ауық үнсіз құшақтап тұрады. Шашынан, маңдайынан иіскейді. Өзіне бала күннен етене таныс қышқылтым айран иісі келеді. Бұл сәт тым-ақ ыстық... Мұндайда Құлтай өзін тек осы бір аяулы сәт үшін, анда-санда сағынып келгенде қарындасын бір ауық өсітіп үнсіз құшақтап тұру үшін ғана өмір сүріп жүргендей сезініп кетеді. Көзіне еріксіз ыстық жас... қуаныш, бақыт жасы мөлтілдеп шыға келді. Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (5 голосов, средний бал: 4,80 из 5)
Загрузка...