Мырзабек Бердиев

фото Мурзабек Бердиев

 Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (29 голосов, средний бал: 4,14 из 5)

Загрузка...

М.Т. Бердиев 03.05.1968 года рождения, уроженец Южно-Казахстанской области Республики Казахстан. Национальность - казах., образование -высшее, историк.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қазақ   Қатал заман, қатал тағдыр, қатты рай, Жалмап қояр қапы қалсаң сақ тұрмай. Зар заманда түркі деген ел болған, Тәңір қолдап қанаттыға қақтырмай.   Шығысында Алтай, Қашқар – шектес Син, Батысында Қара теңіз – шектес Рим. Теріскейде мұз құрсанған Көк мұхит, Оңтүстігі Парсы, Араб, Тибет, Хинд.   Өзгелердің Құдайы көп бәрінде, Ал түркілер табынған тек Тәңірге. Ұққан олар жалғыздығын Құдайдың, Бөлінбейтін жаратушы мәнінде.   Қорқытқаннан қауіптеніп қашпайтын, Төзімінен арылмайтын, саспайтын. Алданбайтын уәдесіне жауының, Аптығысып шалыс қадам баспайтын.   Білмейтұғын жалғандық пен алдауды, Екі жүзбен сұрқиялық арбауды. Қол кірі деп қызықпайтын байлыққа, Ар санайтын жең ұшынан жалғауды.   Құрметтейтін қонағы мен достарын, Шығар алып қымыз толы тостағын. Жау шапқанда бейбіт шаруа қалпынан Жауынгерге айналатын қас-қағым.   Найза сілтеп жарып түсер тап беріп, Қылыш сермеп шауып түсер қақ бөліп. Атқан оғын жоғалтпаған ешқашан. Жанын ұққан жан серігі ат көлік.   Шаппас бұрын жаудың осал тұстарын Барлап алып, іске асырар тұспалын. Алды-артына бірдей садақ ататын, Шегінсе де жайпап кетер дұшпанын.   Өлгенде де жанын арға қосақтап, Құлай білген туған жерін құшақтап. Жоғалмайды жалғастығы халықтың, Отты өшірмей алып жүрген шоқ сақтап.   Отты өшірме, әлі талай туар ер, Ерлеріне арқа сүйеп тұрар ел. Жаңа Заман, Жаңа тарих жалғасып, Сол түркіге халқым қазақ мұрагер!   Мырзабек Бердиев