Мерси (Mercy)

11162510_1605551269730490_4914314068501081449_nМерси (Mercy) Лауреат республиканский конкурсе на (лучшее драматическое произведение) 2013 "Тәуелсіздік толғауы". Астана. Статьи: Ауезхан Кодар (известный казахский писатель, культуролог):"Мерей Қосынның минималистік қосы"2016, и публикует моих произведений в журнал "Тамыр", "Әдебиет порталы", сайт "кітап.кз" Я верю в то, что я буду лидером в нашей современной литературе. Поэтому я всегда буду стараться набольшее. The winner of the Republican contest 2013 Astana for best dramatic work. Famous kazakh writer and culturelogist Auez Kodar published articl about my fictions, it is called in kazakh "Мерей Қосынның минималистік қосы" Also, my short stories published in the different magazines and websides, "Тамыр", "Әдебиет порталы", "кітап.кз". And published my ebook called "Their story". I believe that I will be the founder a new generation in the conterporary kazakh literature. That is why I am trying to make true a my big poupose in the all time.

Пьеса "Мен жоқ жердегі менің өмірім"

Синопсис

Көзішіндесақталғанмиллиондағансуреттерменарпалысағұмыркешкенадамбаласыныңсезімдеріендіжербетіненалысқа бет алды. «Мен жоқжердегіменіңөмірім» аттыэксперименттікдраманыңоқиғасыбізөмірсүріпжатқанәлемнентысуақыт пен кеңістіктеөтеді. Бұлерекшеәлемкөздіңіші. Адам көзіндесақталыпқалғанөмірдіңәрбірсәттерібіздіңсанамыздантысСуреткүйіндеөзінше ғұмыркешеді.  Бұл пьесада адамдарға беймәлім бірақ бар және соншалықты күрделі Суреттер тағдыры көрсетіледі. Сахна көздің іші ретінде жасалған. Көздің іші және оның айналасы толған суреттер. Сахнаның қабырғалары түгелдей дерлік өмірдің ерекше сәттерін бейнелеген картиналарға толы.Және сахнаның бір шетінде ала сызықтар (пешеход) бар. Сол көз ішінің дәл ортасындағы орындықта сары көйлекті жалғыз қыз төбесінен аққан тамшымен сөйлесіп отырған жерінен оқиға басталады. Қыз төбесінен аққан әрбір тамшыны санап отырсада бұл сандар оның уақытты ажырата алуына көмектесе алмайды. Ол бұл белгісіз көздердің ішінде қашаннан бері өмір сүріп келе жатқанын қанша тырыссада есептей алмайды. Ол әрбір тамшыны асыға күтеді, себебі сол бір тамшы оның жер бетіне қайта оралу уақытына  өзін жақындатып алып келе жатқандай көрінетін еді. Жалғыз қыз жалғыздықтан әбден шаршағандықтан қабырғадағы ілулі тұрған суреттермен сөйлеседі. Әрбір тамшымен сырласады. Оларға өзінің жер бетіндегі тамаша салтанатқа толы тірі өміріне қайта оралатынын айтумен болады. Бірақ өзінен басқа тірі жан иесі жоқ тыныштық әлемінде жансыз дүниелермен құр сөйлесуден ол шындап шаршай бастайды. Сол көңілсіз сәттердің бірінде кенеттен пайда болған Жігіт оның бүкіл ой -сезімдерін төңкеріп тастайды. Манхэттенде симфониялық оркестрдедирижерлік етіп тұрған жігіт өзінің бұл көз ішіне қалай түсіп қалғанын түсіне алмай әлек болады. Қыз тірі адамды көргеніне қатты қуанады, ауызы жабылмай, тіпті дем ала алмай асығып сөйлейді, қатты толқиды, қатты қуанады. Өзінің бұл көздің ішінде қалай пайда болған оқиғасын айтып береді.  «Сіз мені тыңдаңызшы алдымен, мынау ала сызықтар. Мен осы сызықтар(пешеход) бойымен жүріп келе жаттым. Үстімде осы көйлегім, дәл осылай күліп келе жаттым. Көңілді едім. Сөйтіп, жетінші сызықты басқанымда оң жағымнан қатты жылдамдықпен бір көлік кеп зорға тоқтады.  Сол сәтте мен оң жағыма жалт қарадым. Сосын сол көлік ішіндегі белгісіз қара көздердің ішіне еніп кеттім.» Қыз осыны қайталай береді. Оның бар білетіні, есінде қалғаны осы ғана. Ала сызықтар бойымен өтіп келе жатып осы белгісіз әлемге тап болғанын тамшыларға, суреттерге, жігіткеде қайта- қайта айтумен болады. Жігіт қолындағы таяқшасымен қызға арнап «Сарабанда» композициясынан үзінді орындап береді. Бірақ қыз ештеңе ести алмайды. Қыз жігітті құры таяғын желпілдетіп өзін алдап тұр деп ойлайды. Ал жігіт шындығында асқан тебіреніспен манхэттенде орындап тұрған симфониясын жалғастырып тұрған еді. Сөйтіп қыз бен жігіт бір -бірін түсіне алмайды. Көз ішінде өздерінің не үшін жүргенін, бұл қандай өмір, жер бетіндегі тіршілік қайда қалғанын түсіне алмай бастары қатады. Бірақ қыз жігіттің өзін жалғыздықтан құтқаратынына шексіз сенді, тіпті өздерінің бірігіп бұл түсініксіз әлемнен қашып құтылатындарына шүбә келтірмеді. Жігіт қайта ғайып боп кетіп, бір уақытта қайта оралады. Жігіт өзін бірде манхэттендегі залда дирижерлік етіп тұрғанын сезінсе, енді бірде өзін көз ішіндегі түсініксіз әлемнен көреді. Бұл жағдай оны шатастырып жібереді. Бірақ қыз оның өзінің жанында болғанына қатты қуанышты еді. Оны жібергісі келмеді. Жігітте қызға бауыр басып қалады. Екеуі бірігіп бұл әлемнен құтылып, жер бетіне оралып, бақытты ғұмыр кешуді армандайды.  Бірақ олар адасып жүрген бұл Көз Әлемінің өзінше заңдылықтары бар болатын. Сахнаға бір топ ақ киінген, көздері қара матамен байланған робот тәрізді темірдей қатал Сурет –Адамдар шығады. Олардың жаратылысы кәдімгі адам тәрізді, бірақ оларда сезіну жүйесі жоқ еді. Олар жігіт жоқ кезде қызға келіп оның ешқашан жер бетіне орала алмайтынын және жігіттің де енді ешқашан қайтып келмейтінін айтады. Айтқандарындай ақ жігіт екінші рет кеткенен қайтып оралмайды, қыз тағатсыздана күтеді, бірақ ол енді ешқашан оралмайтын еді. Қыз баяғы тыныштықта, түсініксіз әлемде қайтадан жалғыз өзі қалады. Жалғыз өзі қалған қызды Сурет Адамдар өздерінің қатарына қосуды қалайды. Яғни Көз әлемінің ережесі бойынша бұл түсініксіз әлемге тап болған кез- келген адам біртіндеп өзіне тән барлық ыстық сезімдерінен айырылып, сезімсіз Сурет Адамға айналуы қажет болатын. Қабырғадағы картиналардың бәрі бір кезде дәл осы қыздай жанып тұрған тіршілік иелері болатын, бірақ осы түсініксіз әлемге тап болғанан кейін оларда ақырындап бойындағы барлық сезімдерінен айырылып, дәл осылай қабырғаларға қатқан суреттерге айналып кеткен. Сурет Адамдар қызды өз қатарларына қосуға тырысып бағады. Ал қыз соңғы демі біткенше жан дүниесі сезімге толы Адам болып қалуға, жер бетіндегі өз өміріне оралуға бар күшін салады. Сахнаға қайта -қайта айналып шыға берген Сурет Адамдардың бар айтатыны бір- ақ ауыз сөз: «Ақыр заман жақындап келеді, жер бетін екінші рет тағы топан су басады. Сондықтан біз бәрімізді құтқарушы Нұх пайғамбардың келуін асыға күтудеміз, сенде біздің қатарға қосылуға тиіссің! Енді сен бойыңдағы барлық адами сезімдеріңнен айырылып дәл біз сияқты Сурет Адамға айналасың, соның уақыты келді. Бұл осы әлемнің заңдылығы.» Сурет адамдар осыны қайталап айтумен болады. Ал қыз ештеңе түсіне алмастан өзін олардың қаһарынан қорғап қалуға барынша тырысады.    Қыз жігіттің қайтып келуін тағатсыздана күтеді. Көмектесер тірі жан іздейді. Бірақ бұл белгісіз қатал әлемде оның ашынған дауысын ешкім ести қоймайды. Қабырғадағы суреттер де, ағып тұратын тамшы да, ала сызықтар да бәрі жансыз еді. Олардың бәрі осы әлемнің заңына бойсұнғандар болатын. Сурет Адамдар «Нұртуған» деген салт- жоралғыны орындайды.  Яғни сахнаның дәл ортасына от жағып оны таспен айналдырып қоршайды да бәрі шеттерінен осы от құдайымен жанасып, амандасып өтеді. Бұны тазару оты деп атайды. Сурет Адамдар қызды да осы тазару отына шомылып шығуға мәжбүрлейді. Жігіт сол күй оралмайды, уақыттың жылжығанын білдіретін тамшы да енді ақпайды. Бәрі тоқтайды. Біртіндеп Қыздың жүзіндегі бал- бұл жайнаған сезім ұшқындары да сөне бастайды. Қыз өзін адам ретінде сақтап қалуға қанша тырыссада бәрібір біртіндеп бойындағы ыстық сезімдері суи береді. Ақырында Сурет Адамдар оны мәжбүрлі түрде салт- жоралғыны орындатқызғанан кейін ол тіпті өзінен айырылып қалады. Бойындағы барлық күш- қуатының бәрі өшіп бара жатады. Сурет адамдар осы салт -жоралғыны орындау барысында қабырғада ілулі тұрған бүкіл картиналарды алып, отқа тастайды. Ол картиналарда адамзаттың бүкіл тарихи сезімдері суреттелген болатын. Мысалы,  қабырғада ілулі тұрған Леонарда да Винчидің «Монна Лизасын» алып шеңбердің ішіне тастайды. Сурет адам: Адамның езу тарту әрекеті (күлкісі) аяқталды. Ол өлді. Күлкі енді мәңгілік тазару отына шомылды. Сурет адам:Жарылыс алдындағы соңғы рет күліп тұрған бойжеткен. Франиция. 2015 жыл. Сурет адам: Өзін «Эскимос» деп атағаны үшін жылап тұрып тірі балықты отқа тастаған жеті жастағы Иннуиттік ұл. Гренландия. 1960 Сурет адам: Ызалықтан өзінің қара денесін пышақпен кескілеген еркек. Африка. 1921 жыл. Сурет адам: Оқтың орнынан аққан қызыл қанымен әлі дүние есігін ашпаған ұлына өсиет жазып жатқан жауынгер. Ресей. 1943 жыл. Сурет адам: Өз баласының етін жеп, ұшынған әйел. Қазақстан. 1932 жыл. Сурет адам: Компьютер алдында отырып, өзінің нағыз бақытты адам екенін әлемге жария еткен баланың бейнесі. АҚШ. 2016 жыл. Сурет адам: Адам санасы енді бәрінен азат етілді.

Бұл уақытта қыз жылайда, күле де алмайтын шарасыз қалге жеткен еді. Қанша тырыссада бойында ешқандай сезім ұшқыны байқалмайды. Ол орнынан зорға тұрып, ала сызықтар бойында қайта жүре бастайды. Бұрынғы монологын қайта айтады. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша, ешқандай интонациясыз, өлі дауыспен, өлі күйде айтып жатады. Сол сәтте кенеттен бір тамшы орындық үстіне тамып түседі. Бәрі жалт қарайды. Сурет адамдар өз мақсаттарына жеткендерін білседе тоқтаған тамшының қайта аққанына таңғалады. «Жер бетін екінші рет топан су басқалы келе жатыр, сондықтан біз Нұх пайғамбардың қайта оралуын асыға күтудеміз.» дейді де Сурет адамдар сахнадан тізілген күйі біртіндеп шыға бастайды. Қыз жалғыз қалады. Оның адам болып қалу, жер бетіне оралуға деген сенімі әлі жоғалмаған болатын. Орындыққа аққан тамшыны алақанымен сүртіп отырып, тағы да өлі дауыспен бұрынғы айтатын монологын қайта жалғастырады.«Менің миым маған айтып тұр, мен шексіз қайғыдан шексіз жылаудамын. Зарлаудамын. Менің соңғы тілегім орындалуға тиіс, сен маған көмектес, Тамшы! Менің миым менің шексіз қалауымды жеткізіп тұр.» деген кезде оның алақанына тағы бір тамшы тамады. Сосын ақырындап тамшылар арт -артынан тамшылай бастайды. Тоқтамай тамшылайды да арты сіркіреген жаңбырға айналады. Қыздың үстіне жаңбыр жауады. Осы сәтте бірінші бөлім аяқталады. Сахна қап -қараңғы болып кетеді. Екінші бөлім басталғанда Қыз мүлде басқа жерде болады.    Жап- жасыл жұмақ не дала. Құстардың үні сайрап тұрады. Аққан судың, жан- жануарлардың дауысы естіледі. Бақша, орман бәрі жұмақ тәрізді. Дәл ортасында бір түп алма ағашы тұр. Қыз сол ағаш түбінде отырған жерінен тұрады. «Мен қайдамын?» деген қыздың дауысы жарқын, және өте тірі шығады. Қыз өзінің жер бетіне оралғанын айтып қуанғаннан айқайлап жібереді. Қыздың қолында дирижер жігіттің таяқшасы бірге еді. Ол жігіт үйреткендей таяқшаны әрі -бері қозғап көреді. Музыка ойнай бастайды. «Сарабанда» симфониясы қосылады. «Бұл Сарабанда, ия, бұл соның өзі. Мен енді естіп тұрмын. Сарабанда!» Қыз қатты қуанады. Жанында тұрған алма ағашына қарай жақындап келеді. Сол кезде ғана ол өзінің қарынының ашқанын сезінеді. Ол қызыл алманы үзіп алып, ауызына салады. (Демек, Қыз Хау- ананың қателігін қайталау арқылы жер бетіне қайта оралды. )

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (4 голосов, средний бал: 2,75 из 5)

Загрузка...