Мадина Омарова

image-07-01-16-03-06-3Меня зовут Мадина Омарова. Я писательница, пишу на казахском языке. Литературой интересуюсь с детства. Сейчас работаю в государственном казахском драматическом театре им.М.О.Ауэзова.


 

Пьеса “Тор”

Синопсис

Пьеса мазмұны:  Бір топ өзара туыс адамдар құдалыққа шығады, бірақ елсіз құла түзге жеткенде автобустары бұзылып жолда қалады. Олар бұлай айдалада қалған кей жайттарды еске алып, қайғылы аяқталған оқиғаларды айтып, үрейге бой алдыра бастайды. Осының нәтижесінде әр кейіпкердің шын бет-бейнесі ашылып, кімнің кім екені анықталады. Тіпті жасаған қылмыстар әшкере болып, жағдай өзіндік сотқа дейін жетеді. Дегенмен түптің түбінде адами болмыс пен имандылық жеңіп, олар тәубаларына келеді. Рухани келісім келгенде пендауи қиыншылықтар да өз-өзінен шешімін табады.

Пьеса идеясы:  Айдалада жалғыз қалған адамдар тобы – жалпы адамзаттың моделі. Үрей мен кикілжіңге бой алдырған сайын жағдай ушыға береді, бұл сана шиеленісінен алып шығар жалғыз сара жол – салиқалы руханилық. Пьесадағы шал – қазақтың рухы тәрізді символдық бейне. Шайтан оны ұйықтатып тастап, қалған адамдармен білгенін істейді. Ал қария-рух, шежіре оянғанда ес кіреді, сана оянады. Өмір – сынақ. Шайтан – арамызда. Сондықтан рух ешқашан мызғымауға тиіс. Пьесаға арқау болған шағын оқиға осыны баяндайды.

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (21 голосов, средний бал: 3,62 из 5)

Загрузка...