Кайрат Дуйсенов

kkr_0756_289x413Поэт, композитор (песенник), публицист, журналист. Член Международного союза писателей при МКТО «Бейбітшілік әлемі – Планета мира», член Союза писателей народов мира, член КазАО (Авторское общество КР) и член Союза журналистов КР. Кайрат Абсатович родился 1964 году 7 января в РК Южно-Казахстанской области Казыгуртского района, ауле Кокибель. 1971-1981 г.г. учился в школе имени Сабыра Рахимова (бывшем имени Ф.Энгельса). 1994 году окончил КазНУ имени аль Фараби (Алматы), факультет журналистики. Работал в районном газете «Ленин өсиеті» (в нынешнем «Қазығұрт»), «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республиканском газете «Ауыл», в газете Союза писателей Казахстана «Әдебиет айдыны», в журналах «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» а так же редактором в Қазақ радио, международном телеканале «KASpionet» при агентстве «Хабар». Стихи и статьи опубливоканы в газетах «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас») «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» и журналах «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз» и других. Автор более десяти песень. Самым популярным из них является песни: «Ай да, Күн де» и «Билейік». Стихи и публицистики были опубликованы во многих сборниках. «Туған жер ыстық бәрінен» (Родная земля теплее всех) его первый сборник. Кайрат Абсатович 2010-2014 г.г. был председателем Международного союза писателей при МКТО «Бейбітшілік әлемі – Планета мира». С 2011 года директор издательство «Халықаралық жазушылар одағы», главный редактор сайта www.temirqazyq.com. С 2014 года 18 сентября является президентом Союза писателей народов мира и главным редактором cайта СПНМ akgo.org. 2016 году в феврале получил звание профессора Гуманитарных дисциплин, награжден медалем ООН «За заслугу перед обществом», Посол Миссии Мира.


Поэзия "Туған жер ыстық бәрінен"

Отрывок

МҰҚАҒАЛИ ДАУЫСЫ

Өксік - күнім, өмірім - аттандаған, Пендемін деп ойлаушы ем, бақ қонбаған. Сөйсем, оның барлығы бекер екен, Жүректерде мен екем - жаттаулы адам! Жаттаулы адам мен екем - жүректерде, Жемістісін егіппін - жыр еккенде. Мені есіне алуда мынау ғалам, Жасын жанып, қара аспан дір еткенде. Жер сілкініп, жанартау атылғанда, Сапар шегем, болашақ ғасырларға. Кеудеме кеп жан бітіп, тіл қатамын: “Жақсы жыр жазыңдар!” - деп ақындарға. Жақсы жыр жазған жанды жанап өтем, Жасынның жай оғына балап өтем. Білмесеңдер қадірін, жақсы ақынды - Өзімменен жұмаққа ала кетем, Нағыз ақын жұмаққа барады екен. КҮЗ - ЖАҢБЫР Жалаңаш саусақ бұтақтан, Үзіліп мөлдір тамшылар. Жаңбыры күздің жұтатқан, Жай оғы жерге шаншылар; Сары күз сәні сұрықсыз. Бозала аспан, бозғылт жел, Бозарып біткен сұр - дала. Немене, дүние! Бозғылт па ең?! Рең бермепсің қырға да; Реңсіз күз де қызықсыз... Жалаңаш бақ та, жалаң жер, Күрсінуде - айнала. Көңілі күйсіз қаламгер, Қарайды қырға ойлана... Жылқышы жүрмес құрықсыз. Жырлайды үнсіз бар әлем. Көңілсіздеу болса да, Қолшатырсыз қара жер, Сүйеді бұлтты қол соза. Сұлу қыз болмас қылықсыз. ЖЕСІР ҮНІ Жүрегім менің жатса-дағы қан құсып, Отырмын бүгін егесіп саған ант ішіп. Арам қатсам да, алдыңа сенің бармаймын! Өксік-күн кешіп, өтпей-ақ қойдым жар құшып... Қатал тағдырым - “қайран”-дап өткен қарғыспен, Бақытым үшін садаға болдым бар күштен. Жаратқан Ием жарылқар мені күн бар ма? “Әруақты анам” маңдайды сипар алғыспен. Адал-ақ жүрмін, азабым тым көп болса да, Жанашырым жоқ, запыран құссам, қол созар... Құдай-ай, Сенің, ессіз қалдырар күлкіңе, Жаратқан пендең болып тұр қазір сонша зар! Ғайып болдың-ау, өмірден алар ләззатым, Ендіге қайдан, жұртыма сыйлы әз атым? Абыройым да - төгілген айран табақтан, Қарайды жүрек, қалмады емі жазатын. Қарайған - жүрек, қарайған - кеуде, қарайған, Елес-ақ қалды балалық кезгі бал айдан. Күл-талқан болып сынды да менің шар- айнам, Сенен қалған көңілім қайтты талайдан. Құлазып барам, ішқұса басып әр күнді, Шошиды-ау бірден, көргендер мынау парқымды. Қара бастағы қайғыға сонша түңілдім, Не болар едім, ойлардай болсам халқымды?!

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (1 голосов, средний бал: 5,00 из 5)

Загрузка...