Зауре Туреханова

2016.03.18_Zaure TurekhanovaЗауре Туреханова родилась и выросла в городе Алматы, Казахстан. Она начала писать сочинения и небольшие рассказы ещё в юном возрасте. Много лет спустя один из таких рассказов лёг в основу детско-юношеского романа «Амина Туран в стране Номадов», который уже успел полюбиться читателям. Сегодня Зауре является победителем Казахстанского национального литературного конкурса «Алтын Қалам – 2014» в номинации «Лучшая детская литература года». Ожидается, что в этом году в свет выйдет её научно-популярная книга о городе Алматы. На международный литературный конкурс “Open Eurasia and Central Asia-2016″ автор предоставляет свой рассказ на казахском языке о необычайном приключении героини по имени Зерде в «Лабиринте памяти».

Zaure Turekhanova was born and raised in Almaty, Kazakhstan. She started to write short stories and tales from the young age. Many years later, one of those stories formed the basis of a youth novel "Amina Turan in the country of Nomads", which has already managed to catch the fancy of readers. Today Zaure is the winner of the Kazakhstan national literary contest "Altyn Kalam - 2014" in nomination "The Best Children's Books of the Year". Also it is expected that this year Zaure's non-fiction book about Almaty will be published. The author presents for the kind consideration of the international literary contest "Open Eurasia and Central Asia-2016" the tale in the Kazakh language about the extraordinary adventure of heroine named Zerde in "Labyrinth of Memory".


Рассказ "Зерде лабиринті"

Синопсис

Көктемнің жайлы, жылы кештерінің бірінде мен атамның жеке кітаханасынан қолыма түскен бірінші кітапті алып, жұмсақ былғары креслоға жайғасып отырдым. Зерен тостағаныма бір кесе қымыз құйып алып, тіске басар ыстық бауырсақтарды тәрелкеме салып алып, түңгі жарық шамның астында кітапқа үңіліп, оқуға кірісіп кеткен болатынмын. Кітапты ашып оқығалы қанша уақыт өткені белгісіз, бірақ өз өзімді тастай қараңғы бөлмеде отырғанымды сезіндім.

Сол бір сәтте құлағыма пәтердің дәлізінен май шаммен ба, қолшаммен ба, әлде шырақпен бе жолдарына жарық түсіріп, әрі-бері жүріп жүрген бейтаныс адамдардың көмескі шыққан дауыстары мен сыбдырлары жете бастады. Алғашында пәтерімде жүрген белгісіз біреулер қолындағы ұялы телефонымен тар дәлізге көкшілдеу, жымыңдаған жарық түсіргендей болып көрінді.

Үйде күтпеген қонақтардың шұбырып жүргеніне таңдансам да, біршама қорықсам да, не болып жатқанын білу үшін, мен өз бөлмемнен ойланбастан шыққаным сол, аяқ-қолымды қимылдатуға да мұршам болмай, аң-таң болып тұрып қалдым. Қараңғы дәлізге басымды сұққан бойда, үйдің шағын ғана кеңістігінде әрі-сәрі болып жүріп жатқан таң тамаша адамдар, жан-жануарлар, ауа кеңістігінде қалықтап ұшып бара жатқан, бұрын-соңды көрмеген балықтар мен құстарды көріп таң қалдым.

Кенеттен менің қақ алдымнан басына жасыл тақия киген қара-қоңыр бір үкі ұшып өтті. Қатқыл қанатымен менің бетіме тиіп кете жаздағанда, ызаланып: «Әй, абайласаңшы! Қайда ұшып бара жатқаныңды көрмейсің бе, ақымақ құс!» − деп мен құстың басындағы ою-өрнекпен безендірілген тақиясын елемей, айқайға салдым. Сол кезде қараңғы жаққа қашып бара жатқан тышқандар тізбегін көріп қалып, ойым бөлініп кетті.

Онда тұрған не бар, қарапайым ғана кішкентай сұрғылт түсті тышқандар ғой деп ойлаған сәтте, тізбек соңында келе жатқан бір тышқан бұрылып, артқы аяқтарына адамша тік тұрып еді, оның үстінде желбегейленіп киілген, ақ жіппен сәнделген сұр түсті барқыт шапанды көріп қалдым. Достары бұрышты айналып, көзден ғайып болуына мүмкіндік беру үшін, батыл тышқан қолындағы зақпымен ұшып келе жатқан үкіні грек жаңғағымен атып жіберді. Тақиялы үкі атылған оқтан оп-оңай жалтарып кетті, ал атылған жаңғақ оқ менің мұрнымның ұшына тие жаздап, тас қараңғы түнекке домалап кетті.

Келесі мезетте грек жаңғағы домалап кеткен дәліздің қалтарысынан бойы бір тал, сұңғыла жүзді, басына түрлі-түсті сәлде киген кемпір көрінді. Ұялы телефон жарығы екен деп ойлап қалған көкшілдеу жымыңдаған сәуле әлгі кәрі кемпірдің таянып келе жатқан ағаш таяғының ұлу қабыршағына ұқсас келетін, дөңгелектенген басынан таралып тұр екен. Таң қалатындай несі бар десем, көзі бақырайған ақшыл сұрғылт түсті үкінің екі балапандары сол кемпірдің басындағы үп-үлкен сәлденің бас жағына салынған ұя ішінде отырған көрінеді. Әпенділеу келген кемпірдің соңына ілесіп, менің аяғымды тістеуге әрекеттенген бір топ қаңқылдаған аппақ аққу-қаздар да келе жатты. Бірақ кемпір олардың әрқайсысының жіңішке мойнына жіп байлап, өз қолында мықтап ұстап тұрған соң, өткір тісті қаздардың менің аяғымды тістеуге еш мұршасы болмады.

Көргендердің бәріне таңырқап қарап, өз өзіме ұзақ келе алмай, абыржып, есімді әрең жинай бастағанда, жақын жерден бір қорқынышты ақырған дауыс естілді. Бұндай дыбыстан зәре-құтым қашып, артқа қарай шегінсем, бөлме есігі ғайып болып кетіпті. Бірнеше минут бұрын ғана есік тұрған жер, енді тастан қашалған салқын қабырғаға айналды.

«Мұнда не болып жатыр өзі? Есігім қайда жоғалып кетті екен?» − деп ештеңе түсіне алмай, не істерімді білмей, асып-сасып қалдым.

Хайуанның үрейлі шыққан дыбысы анығырақ естіле бастаған соң, мен әпенді кемпірдің кеткен жеріне бет алуды жөн көрдім.

«Әже, әже, тоқтай тұрыңызшы өтінемін!» − деп қорқынышпен, әрі үмітпенен ғажайып кемпірді айғайлап шақырып едім, бірақ ол бір мезетке де тоқтамай әрі қарай жүріп бара жатты.

«Саған өзі не керек? Мен асығыспын!» − деп кемпір, жақындап келе жатқан ырылдаған дыбысқа еш мән берместен, маған дөрекі жауап қатты.

«Әже, айтыңызшы, бұл не деген қызық жер? Мен өз бөлмеме қалай оралсам екен?» − деп, күш-қуаты аз болып көрінгенмен, адымы ширақ кемпірдің артынан әрең дегенде үлгере отырып, сұрадым.

«Бұл сұраққа жауапты сен өзің табуың керексің, шырағым! Менің саған берер кеңесім, «алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара», есіктерді ашып қарағанда абай болып жүр. Әрбір, есіктің арғы жағында өмірге қауіп-қатері жоғары бірдеңелерді кездестіруің әбден мүмкін», − деп бұралаң дәліздің кезекті қараңғы бұрышын айналып өтіп, әпенді кемпір көзден ғайып болып кетті.

«Бұл кемпірдің жылдам жүрісіне әлемдегі ең жүйрік желаяқ та ілесе алмас! − деп мен едәуір ентігіп, шаршап қалыппын. − Осының бәрі не білдіретінін маған біреу түсіндіріп берсе екен, шіркін!».

Дегенмен желаяқ кемпірдің жұмбақтарын шешіп тұратын уақыт тығыз еді. Қараңғы дәліздің бір бұрышынан екі сары көз жарқырап шыға келді. Жылтылдаған көздерді көре салысымен, алды-артыма қарамай, жоғары жақта орналасқан болар-болмас май шам жарығы түсіп жатқан тап-тар қараңғы дәлізбен тура қаштым. Екі жағында да қаптаған есікке толы, тар, әрі жан-жаққа тармақталып бұралаңдаған дәліз, біресе оңға, біресе солға кілт бұрылып кететін. Өкінішке орай, мен таңдаған бұрылыс тұйыққа апаратын жол болып шықты. Амал жоқтан үйдің гранитті тас қабырғасының ішінде қашалған, желаяқ кемпірдің ескертіп айтқан есіктердің біріне кіруге мәжбүр болдым.

«Енді не істеймін, кіруге тура келеді!» − деп ойладым. «Тәуекелдің кемесі суға батпас» демекші, нар тәуекелге бет бұрып, бірінші кезіккен есікке басып кірдім. Зор бақытыма орай, есік оңай ашылды.

«Ал енді тездетіп есікті іштен жауып алмасам!» − деп жанталаса қимылдай бастадым. Қалтыраған қолыммен есіктің ысырмасын күш салып, бекітіп жатқанымда, арғы бетте хайуанның жезді тырнақтары тырмалап жатқанын естідім. Есік ысырмасы көне болса да, болаттай берік еді.

«Уф, ысырманың берік екені қандай жақсы, әйтпесе анау сары көзді құбыжық мұнда кіріп кеткенде не істер едім?! «Аяқты шалма, қапы қалма» деген осы шығар!» − деп біраз жеңілдеп қалдым. Қорқынышты құбыжықтан құтыла сала, менің ойларым келесі тұрған мәселені шешуге ауды: «Ғажап, бұл жерден шығар басқа жол бар ма екен?» − деп, үміттене ойлап, бұрылып қарасам, күннің жарық сәулесі төгіліп тұрған, тамақтардың хош иістері аңқыған, кең, әрі жарық бөлмені көріп қуанып қалдым.

Жап-жарық асүй түрлі-түрлі дәмді, иісі бұрқыраған керемет тағамдарға толы болды. Жаңа ғана пісірілген құлпынай мен жидекті торт, қабат-қабат қамырдан жасалған алма бәліші мен шоколадты бисквиттер терезе алдына қойылған. Әлі де ыстық печеньеден ваниль мен ыстық шоколадтың аңқыған иісі шығып тұрды. Қызарып піскен томпақ бауырсақтар, бал мен жаңғақ қосылған чәк-чәктар, жаңа ғана жуылған жүзімдер мен мейіздер және тазартылмаған грек жаңғақтары үстел үстінде таудай болып үйіліп-төгіліп жатты.

«Иә десеңші, тышқандар осы жерден жаңғақтарды ұрлап алған екен ғой!» − деп, сұр барқыт шапан мен шыт қамзол киген кішкентай тышқандарды еске алып, сәл күлімсіреп, ішім жыли түсті.

Жағылған пештің үстінде қызарып піскен құймақтардың ыстық буы шығып тұрды. Мол қылып салынған бір қасық ара балы, құйма алтындай жан-жаққа сорғалап ағып жатты. Сап-сары, ып-ыстық, тесік-тесік құймақтарға көзім қызығып, соларды алып жеуге қолымды создым. Тап осы сәтте асүйдің үлкен терезесі айқара ашылып, даланың қоңыр самал желі жаңадан өсіп келе жатқан шүйгін шөптер мен жұпар иісті өсімдіктердің, келе жатқан жаңбырдың салқын ылғалды иістерін өзімен бірге алып келді.

Құймақтардан ауыз тиместен, терезеден қызығушылықпен қарап едім, көз алдымда табиғаттың асқан сұлу, әдемі көрінісі көсіліп жатты. Жасыл желекке оранған кең жазиралы шалғынды дала, құлпырған қызғалдақтар мен қырмызы қызыл гүлдердің хош иістеріне толы ауа, Іле-Алатаудан ескен ылғалды самал жел мұрныма жетті. Күннің жайма шуақ алтын нұры аспанның көк күмбезін жарқыратып, бүкіл кеңістікке төгіліп тұрды. Тентек жел Жетісудың жазық жазирасын шарлап, алыстағы ағаштардың бұтақтарын шуылдатып, шүйгін шөптің бастарын қимылдатып, әдемі гүлдерді жайқалтып, ойнап жүргендей болды. Алайда солтүстіктегі аспан қарауытып, қою қара бұлттар торлай бастады, ал «бұлттанған күн жаумай қоймас» деген екен ата-бабамыз. Алайда мен бұған аса көңіл бөлмеп едім.

Жүрегіме қуаныш пен бақыт сезімі ұялағандай сезіндім, жаным әуендетіп, осы жылы, жайдары ауамен бірге қалықтап ұшып жатқандай. Мұндай таң-тамаша сезім табиғаттың жандануы, көктемнің құлпыруы кезінде, Наурыз мерекесі қарсаңында менің бойымды үнемі баурап алады. Жан жарасымы мен өлшеусіз бақытқа кенеліп, шаттық күйін сезініп, есіктің сыртына, ұшы-қиыры жоқ кең далаға секіре-секіре жүгіріп шықтым, әрбір сәтке шаттанып, жарқырай күліп, басым көкке жеткендей әсерде едім.

Кеудені кернеген қуаныш мезетінде, ешқашан да өмірде көрмеген, үш ұйықтасам да түсіме келмеген, ерекше бір көрініс көзіме түсті. Қырларды айнала, ұзыннан ұзаққа созылған, ағып бара жатқан өзен ұқсап, адамдар көші мен қара бұқалар үйірі келе жатты. Көп ұзамай алда келе жатқан адамдардың жүзі де көріне бастады, олардың ғажайып та, оғаш кейіпі мені таң қалдырды.

Көштің басында еңкейген, қарт әжелер мен жасы ұлғайған апалар, жас әйелдер мен келіншектер, балауса балдырғандар келе жатты. Бастарына қардай аппақ кимешек киген, орамал тартқан, үстеріне сүттей аппақ көйлек пен бозғылт түсті қамзол киген әйелдердің сырт пішіні мен ажары адалдық пен игіліктің, ерекше сән-салтанаттың ұмытылмас әсерін қалдырды. Үлкені де, кішісі де ағашқа ұқсайтын, мұнара сияқты биік, қара таяқты ұстап келе жатты. Әрбір таяқтың ұшар басында салқын күңгірт тартқан, іштен жылтылдаған, көкшіл сұр ма, әлде жасылдау келген бе жарық домалақ тас бекітулі еді. Ағаштың жалаңаш бұтақтары жұмбақ тастарды шырмап алғаны сонша, жарқыраған тастардың биіктен құлауына жол бермей, мықтап ұстап тұрды. Әйелдерге қарағанда сансыз көп бұқалар үйірі қорқынышты да, айбарлы болып көрінді.

Қайран қалып, келе жатқан көшке көз жібертіп, әуестікпен қарап тұрған сәтте, күн күркіреп, найзағай жарқылдады. Жаңа ғана көк аспан, қақ жарылғандай болып көрінді, аспаннан түскен жарқылдаған найзағай жерде қыбырлап жүрген сорлы әйелдер мен байғұс балалардың басына, бейбіт көшке келіп тиді. Құйындатып соққан қара дауыл әйелдердің ағаштай биік, таянған таяқтарын жерге домалатып түсірді, найзағай тиген қарымдай ірі бұқалардың өлі денелері гүлденген қызыл алқапта шашылып жатты. Әжелер мен апалар, дәрменсіз балдырғандар еңіреп, боздап, не істерін білмей тұрып қалды. Жас қыздың басынан жұлынып алынған ақ орамал құйынмен бірге қарауытқан аспанға ұшып кете берді. Бетіме ыстық көз жасы бұршақтап төгіліп, жүрегім қайғы мен шерге толып сыздаса да, менің қолымнан келер амал болмады.

Жарқыраған алтын нұрлы күн түнеріп, қара бұлттар аспан көкжиегінде рабайсыз заулап жүзіп келе жатты. Қалың қара бұлтқа көз жүгіртіп қарасам, өзіме өзім сенбей, аңырап тұрып қалдым. Қою қара бұлттың үстінде бір жасақ қорқынышты құбыжықтар отырған болатын.

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (9 голосов, средний бал: 3,00 из 5)

Загрузка...