Жақсыбек Шанышқылы

img_0424Мен Жақсыбек Шанышқылы (Ешимкулов) 2010 жылы Т.Жүргенов өнер академиясына Кинотеледраматургия мамандығына оқуға түстім, сол жылдан бастап шығармашылығымды дамыта түсуге талпынып келем.            

Драма "Мен, екінші"

Отрывок

Осыдан дәл жиырма–он бес жыл бұрын Ермек дәл осындай қатал, рекордшы болам деп шешкен бала емес еді. Керек болса, миына да қонбайтын мұндай өмір. Қарапайым балалар сияқты мектепке барды, кәдімгідей оң қолымен қасық ұстап тамақтанды. Ермектің бұл өмірге деген қастығы да сол жылдары ақырын, өзіне де білінбей білте шам алауындай әлсіздікпен жанып пайда бола бастады. Күндер, айлар, жылдар өткен сайын сол кішкентай нүктедей алау, алапат жалынға айнала бастады. Жатса да, тұрса да ойлайтыны сол болды. Шайтанның арбауыңа ілігіп, қайта бой жаза алмай қалды. Үйіне келген заматтан ойы пластинкаға жазылған ән сияқты, бір дауыс басында қайта-қайта айнала береді. - Жексен – ағам, бір нәрсе болса ол үйдің үлкені, ағаңа сөз қайтарма. Сиырдың ішін кептіріп қойса да, кешіріледі. Наурыз – қарындасым, он екі де осыған ұқсас, болды ма ол жалғыз қыз, қарындасың ғой. Сабақтан кешігіп келсе де кешіріледі. Мүслім – кенже інім, оған ғой мүлде дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, «мырзам» деп сөз бастау ғана жетпей тұр. Көшеге шығып алып, үлкенді кішіні боқтайды, сонда да кешіріледі. Ал, мен ше... екінші! Өз ойымды толық айта алмаймын, айтқан жағдайда да ешкім аяғына дейін тыңдамайды. «Қой болды! Ол үлкені, жалғыз қыз, кенжетай ғой! Сен бар малды салқын жерге арқандап кел!» - деген сөздер. Сол, сол екен бұл тезірек мектеп бітіруді, одан соң қалаға кетіп сабақ алып, жалғыз өмір сүруді қалады. Бауырларын көрерге көзі, атарға оғы болмайды деген жағдайға жетті. Бірде осы пластинкасын шешесіне қойып бергенде, ренжіп «әке-шешеңді, өзі әке-шеше болғанда түсінесің» - деген, содан бері үйленуге қорқады. Өз басындағы жағдай ертең балаларының басына да келе ме деп қорқады. Бірақ өзгелермен салыстырғанда ең рахат өмір осынікі, «Балаларымның тамағы, киім, бала бақша; әйеліме шуба; пәтер ақы бәріне айлықты жеткізу» - деген ойлардан бойын аулақ ұстайды. Әр күні ондарға қарай үйіңе келеді. Жарты сағатын киім ауыстырғанға, жуынуға, тамақтануға кетіреді. Он бес минут жаналық көреді. Тағы он бес минут өз-өзіңе әкімдік есеп. Бір сағат кітап оқиды. Дәл он екіде сағат әуені қосылғанда, шырақ сөндіріп, кітаптің тоқтаған бетіне бір парақ қойып белгі қойяды. Төсегін жөндеп, Жалғыз болу арманы пайда болған күннен бергі ниетін айтып ерінін жыбырлатып, қалың ұйқы арасынан өзіне тиеслі болған ұйқы арғымағын сайлап, алты сағаттық ұйқы сапарына жол алады. Таңғы машық, жуынып, тамак жасап, киініп жиырма бес минутсыз тоғызда жұмыс есігінен кіреді. Бұл жолы да, дәл сол картина қайталанды. Бірақ есіктен кіре бергенде, күзетші өзгеше ықласпен күтіп алды. Каридор бойлап келе жатып, өз бөлмесіне жетті. Есікке кілт салт байқаусызда, есіктегі тақтайшаға көзі түсті. Қараса мұның аты емес, өзінен бұрын осы креслода отырған кісінің аты тұр. Мұрат Қалиолла ауылға бөлінген ақшаның басым бөлігін өз қалтасыңа басып жұмыстан кеткен адам. Маңдайыннан суық тер бұрқ ете қалды, қолы дірілдей бастады. Кілтті зорға бұрап ашты. Бөлме іші дәл кешегідей деп айту қиындау, аздап қана өзегеріс бар. Өз-өзін жұбатпақ мақсатта сөмкесін орындық үстіне қоя салып, каридорға шықты. Онда жан баласының қарасы көрінбейді. Есіктегі тақтайшаға тағы да қарап қояды, сол бойы үлкен әріптермен Мұрат Қалиолла деп быттыйып тұр. Көз алдыңа тұра соның бейнесін әкеп салады, бойы тайпақ, қарны қабақтай, беті табақтай, оқымысты кісілерше көзілдірігі бар, таз басын жылтыратып жүреді. Өмірде «мінгені есек, айдағаны өсек, тұла бойы есеп» дейтін жандардан еді. Ермек әлі де түсіне алмай дал болуда «Бәлкім әзіл болар. Бірақ, әзіл күні өтіп кетті ғой. Жұмыс басталуына он минут қана қалды, мына халық қайда жүр? Бәлкім пешенеме жазылғаны осы болды ма?» өзін қоярға жер таппай бір минутта кішкентай жерді жүз айналған болар, одан көп болмаса. Әзіл ме, пешенеге жазылғаны ма – соны біле алмай, дел-сал, өз-өзін іштей тітіп жеп жатыр. Біреу жарымнан сұрайын десе, ешкімнің қарасы да көрінбейді. Өзіннен де бес минут бұрын келетін, хатшы қыздың өзі жоқ. Қол сағатына қайта-қайта қарайлап қояды. Сағат бес минутсыз болды – сол баяғыдай ешкім жоқ. Ауданға барып, бәрін сол ерден әкімі Нұрпей Смаиловтан сұрамақ болды, бірақ оған бата алмайды, жүрегі артқа тартады. «Күзетшінің жылы қабақ танытқаны, жұмыскерлердің осы уақытқа дейін жоқтығы тегін емес. Кетіппін... не де болса, күзетшіден сұрайстырып білейін» - деп, бөлмесіне кіріп, столын сипап, бір-екі рет алақанымен соқылап қояды, креслосымен сипалап қоштасып, сөмкесін алып бөлмесін қимай енді шығып бара жатқанда, қарсы алдыннан Мурат шыға келді. Қолын созып амандық сұрасып жатыр, Ермектің көңіл күйі жоқ. - Нұрпей Смаилов! Күттіріп қойған болсам кешіресіз, алдын ала ескертіп қойсаңыз болады ғой. Өзім салтанатты түрде күтіп алатын едім ғой. Күттіріп деппін ғой, міне сағат дәл тоғыз мен кешікпедім. Сізде менің бөлмемнің кілтті бар екенін білмеппін. Ермек «Нұрпей» дегенге жан-жанына қараса ешкім жоқ, өзіне сөйлеп тұрғанын түсініп. -        Кешіресіз! Бүгін әзіл күні емес сияқты! Біріншіден: Нұрпей Смаилов ауданда, екіншіден: менің атым Ермек Қырықбаев, үшіншіден: мына жазу ненің құрметіңе жазылғанын түсіндірсеңіз – деп, есіктегі тақтайшаны саусағымен нұсқап, соқылап қояды. Мұрат та сәл тоқтап, таңырқап тұрып. -        Әзіл күні өтіп кеткенін мен анық білем, бірақ сіздің өзіңіз білмейтін көрінесіз ғой Нұрпей Смаилов. Ермек? Ермек деген есімді өмірімде естімеппін. А, бірақ... бірақ... түсінгендей болдым! Нұрпей Смаилов, жұмыс уақытта азрақ ішу керек те... Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (2 голосов, средний бал: 5,00 из 5)
Загрузка...