Ержан Мырзыкулов

4. Myrzakulov Yerzhan KaldarbekovichРодился в 1987 г. в курортном городке Сарыагаш (Казахстан, Южно-Казахстанская область) где и вырос. В 2008 году закончил Южно-Казахстанский гуманитарный университет имени Мухтара Ауезова по специальности «Стандартизация, метрология и сертификация».

Учитывая дефицит произведении на казахском, решил писать рассказы на казахском языке. Свой первый приключенческий рассказ написал  в 16 лет. В 17 лет написал три детектива которые были опубликованы в газете «Акикат» в г. Шымкент. Стараюсь писать только полезные рассказы, в которых читатели могут для себя узнать исторические события, какие-нибудь интересные факты.

В конкурсе участвует трагический, приключенческий рассказ «Ашаршылык азабынан араша» где в основу легла история одной семьи в годы голодомора в Казахстане. В рассказе описывается любовь матери к своим детям и их выживание в те трудние годы. Рассказ учить ценить своих близких и родных.

 I was born and grown up in 1987 in the resort town of Saryagash (Kazakhstan, South Kazakhstan region). In 2008 I graduated from the UKGU named after Mukhtar Auezov, specialty "Standardization, Metrology and Certification."

Taken into account the scarcity of the literature in the Kazakh, I decided to write stories in the Kazakh language. My first adventure story I wrote in the age of 16 years. When I was 17 years, I wrote three detectives, which have been published in the newspaper "Akikat" in Shymkent. I try to write only useful stories in which readers can find out some historical events or some interesting facts.

In the competition participates the tragic adventure story "Asharshylyk azabynan arasha", in the basis of which is laid the story of a family during the times of famine in Kazakhstan. The story describes the love of a mother to her children and their survival in those difficult years. The story taught us to love and value friends and relatives.


Рассказ "Ашаршылық азабынан араша"

Күн көңілді нұрын адам баласына сыйлап, таң атып келе жатыр. Бірақ сол адам баласының көзі көргенін өзінше әр түрлі қабылдайды. Дәл қазір оларға көңілді күн сұр түсті болып көрінді. Оған аш құрсақ, халықты жалмап келе жатқан ашаршылық қазақ халқының басына төнген нәубәт себепші, осы бәлекет миллиондаған қазақ баласының өмірімен қоса тірі қалған итше өмір кешіп жатқан бауырларымыздың жүректерінен қуаныш пен бақыт атаулыны арғы дүниеге алып кетті.

Ажал атаулы қазақ даласына қара бұлттай төніп кірді. Қалдыбай ауылы да ажалдың көзінен таса қалмады, олар да ел басына төнген қасіретті барынша сезінді. Бар-жоғы жиырма шақты үйден тұратын ауыл басынан береке де, бірлік те ізін суытты. Бұрын-соңды бір нанды бөлісуге әрдайым дайын ауыл тұрғындары енді тамақтан қатты тарылып, өмір үшін күресіп, ауылда ең дәулетті деген Сансызбайдың онсызда үкіметтен түгі қалмаған тыққан бірен-сараң қой-ешкісін талан-таражға салып, мал-мүлкін қорғаштаған Сансызбайды түн ортасында мертіктіріп, Сансызбайдың әйелі мен бала-шағасын зар жылатып қалдыра берді. Осы оқиғадан кейін Сансызбайдың үйіне көрші, әрі рулас-туысы болып келетін Сара Құдайға жалбарынып отыра бергеннен ешнарсе шықпайтынын, бәрі жақсы болады деген үміттің ащы шындықтан бос қиялға айналып бара жатқанына көзі жете бастады. Аталған жүрекке қорқыныш сыйлаған оқиға әлі де өз жалғасын табатынын және ол жауыздығы жағынан асып түсетінінен қауіптенген Сара үлкен ұлы Серікке ауылда қалуға болмайтынын айтты, артынша осы кезге дейін өзіне бірнеше рет қойған сұрағын ұлына қойды:

-          Басымызды қайда сауғалатамыз, Серікжаным-ау?! - деп басында екпінмен сөзін бастап, артынша тіліне тас байланып, дауысын көзіне келіп қалған жас қарлықтырып тастады.

Серік анасының азынқы қос бетінен де төмен қарай ағып келе жатқан жасты қос алақанымен сүртті. Жылай-жылай көз жасын ысырап еткен қайғы ананың көз жасын осы жолы тауысқандай болды, Сараның мұң басқан көзі басқа жылай да алмады. Серік анасының келбетті кезін, томпайған алқызыл түсті бетін, марқайған және үнемі жақсы көңіл-күйін есіне түсіріп, «мүмкін соңғы рет бақытты кезін сол кезде көргенім болар» деп жаны ашып, дене бойын мұздай қанжар тесіп өткендей болды, денесі тоңды, жаны қатты елжіреп кетті. «Әттең, анамның және Беріктің қуанышы үшін өз өмірімді құрбан етер едім, бірақ қазір ақыр заман таяған кезде адам өмірі бес тиыннан да артық емес» деп Серік бір күрсініп алды. Марқұм әкесінен кейін бар сенгені, тірегі өзі екенін ойлап, қиын жағдайдағы ат басын өз қолына алуды шешті. Қазір қолынан келетіні анасының жүрегінде сөне бастаған үміт алауын қайта лаулатып, көңілін көтеруді мақсат етті.

-          Анашым, уайым мен қайғыны осы қарғыс атқан жерде қалдырып, бақытты таудан іздесек қайтеді? Аллаға шүкір, сіз әлі де жассыз, Берік әлдеқашан кішкентай емес, жігіт болып қалған. Біздің қолымыз бен аяғымызды еш нәрсе байлап тұрған жоқ. Марқұм әкетайдың айтуынша таудың баурайында орман болатын. Сол орманда тым болмағанда адам баласына жем болмаспыз. Халық бүгін Сансызбайдың малын азық қылды, ертең ол таусылғанда олар кімді азық қылмақ? Қорқамын, ойлауға да дәтім шыдатпайды. Денемізде қалған күш-қайратымыз бірнеше шақырымдарды артта қалдырып, сапарларды әлі де бағындыра алады, - деп басын тауға қарай бұрып, биік тау басындағы бәлекеттен жұрдай, тап-таза секілденген аппақ қарға өткір көздерін тігіп, жақсылықты сонда табатынына үміттенді.

-          Халық бір-бірінің қанын іше қоймас деп үміттеніп келдім, бірақ сенімім күннен күнге тарап, ал қазір қарағым сен үмітімді мүлдем түтіндей сейілдіріп тастадын. Осы кезге дейін санамды үміт билеп келген, ащы шындықтың көзін үміт тас қараңғы көр етіп, қиял болса мүлдем естіместей саңырау етіп тастағаны ғой сонда?

-          Апатай сенің жүрегін осы кезге дейін сүттей аппақ әлемде өмір кешті, ешқандай қара майлы күйеге малынбады. Ал енді, адам баласы ажал отына оранып, сол адамның күлі аспанға ұшып, осы күл біздің жүректерімізді улап жатқан жоқ па? Жоқ, енді мен мұндай қиял әлемінде ұйықтай алмаспын, Беріктің де, сенің де жалған арманмен өмір сүргендерінді қаламаспын. Егер осыны өмір деп есептесен, онда бұл өмірдің уақыты өз мәресіне таяп келе жатқан жоқ па? Уақытты созбай жолға кешке күн батысымен, кешкі салқынмен, ауылдың көзіне түспей шыққан дұрыс болар деп ойлаймын.

Ана жүрегі естігеніне қосылды, қосылды да ана ұлын құшағына қысты. Кешкі сапарға жанұя мардымсыз қалған-құтқан, керек болып қалар деген заттарды жолға дайындады. Тауда күн суық болатынын естіген Серік анасы мен Беріктің қалың киімдерін міндетті түрде алу керектігін айтты.

Қалдыбай ауылында кеш батып, ауыл тыныштық әлеміне орала бастады. Бұрын ауыл иттері түнімен үріп, шәуілдеп бірінен соң, бірі ауыл басын өздерінше көтеретін. Ал қазір олар қаңғырып, азық іздеп бастары ауған жаққа кеткен. Серік ауылдан ұзап бара жатып, артына бұрылып соңғы рет көріп қалайын деген оймен бір қарады. Ауыл ұйқы әлеміне енгендей болды. Бірақ алысқа ұзап үлгерген үш жолаушының құлақтарына Сансызбайдың төрт айлық баласының жылағаны естілмеді. Сансызбайдың өлімінен кейін оның ашық-шашық қалған үйінің терезесі, есігі мен жесір әйелі нәрестесін құшағына алып пештің түбінде отырды. Нәрестенің аш құрсағы маза бермеді, анасының мұздай кеудесін емді, бірақ одан еш нарсе шықпады, жылап, артынша тағы да емуге әрекеттенді, сорлы кішкентей тіршілік атаулы күресуге бірнеше рет талпынды. Нәрестенің анасын ажал өз құшағына жалмағанына бірнеше сағат болды, баласы анасының жылуы қайтқан құшағында жылап қала берді. Үш жолаушы қарғыс атқан жерден денедегі әлсіздікке қарамастан жылдамдықты баяулатпай қашықтай берді, ақыр соңы ауыл көзден мүлдем таса болды.

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (686 голосов, средний бал: 4,07 из 5)

Загрузка...