Аяука

IMG-20150219-WA0020Главная жизненная задача человека - дать жизнь самому себе, стать тем, кем он является потенциально. Самый важный плод его усилий - его собственная личность. Так как я филолог, меня интересует весь литературный мир. Увлекаюсь наукой, педагогикой, журналистикой и искусством. С малых лет занималась творчеством, посещала разные кружки творчество. В том числе танцы, вокал. Увлекалась малой поэзией, прозой. Изучала арабский и английский язык.

Проза "Қазақ хандығы және алаш"

Отрывок

Тарихи уақыт, кезең... өтпелі, жылжымалы, таңбалы. Түн. Тыныштық. Маужыраған жел, манаурап тұрған таулар, ұйқылы-ояу ақырын сарқырап тұрған бұлақтар мен арықтар, мисыз, кең дала! Жын-пері азан даусынан шошып, апыр-топыр болып жерді бір төңкеріп тастады. Жын-сайтандар  жерді босатқанан кейін, жеріміз кең тыныстап, бір рахаттанып қалған іспетті. Сөйтіп денесі жеңілдеп, марқайып тұрған жерге «Қазақ» деген бір пенде топ ете түсіпті. Қазақ топ етіп, жан- жағына жалт қарап, жалтақтап, бір кезде саф ауаны жұтынғаны сол еді жүзі нұрлана түсті. Ұзақ тұрды тыныстап. Есін енді жиғанда, көзінің көкжиегіне үш үлкен тораптағы тарихи кезеңдер көрінді. Дала тұп-тұнық, әдемі, таңғы шық, күн ұясынан көтеріліп келе жатқан кез еді. Күннің көзімен селбесіп үш кезең анық көріне бастады. Қазақ қарап тұрса, әрқайсысы бір жанды бейнеде екен, әрі өзіндік таңбалары бар екен. Бірінші кезең, ол – Қазақ хандығы. Қазақ хандығының тұран даласында өр халық болатындығы, жол бойындағы аққан жұлдыздар мен көздерінен от шашқан ұлтты көру арқылы байқады. Екінші кезең – Алаш. Қазақ алаштың жолына қарап өз өмірінде ерекше қолтаңбасын қалдыратын кезең екенін ұқты. Өйткені, күннің көп сәулесі жолдың  сонау басындағы тау шыңына түсіп тұр екен. Тауда бастарын қақшитып тұрған маңдайларында жұлдызы бар бір топ қауымды көрген еді. Үшінші жол – Нұрлы жол. Ол жол өте кең, әрі сәулелі, жарық еді. Бірақ бұл жолдың қиыр шеті, о басы мен ана басының шегі көрінбеді. Бұны қазақ «Мәңгілік ел» деп түсінді. Сөйтіп қазақ үш кезеңнің ғажайыптарын көріп, тамсанып тұрып қалды.  Сол мезетте алғашқы кезең қалды да, соңғы екеуі жоқ болды. Қазақ түсінді, бірінші Қазақ хандығының дәурені екенін.                                                                                                      Біздің тәуелсіздігіміздің  тарихы таза парақтан жазылған жоқ, оның  көне көздері мен дәстүрлері, дәуірлері бар. «Тарих» деген сөздің өзі халықтың жүріп өткен жолын көрсететін уақыттың білінуі. Яғни, тарих өткен уақытты басшылыққа алатын  құпиясы көп сыр сандық. Ол сыр сандықты ашып, зерттеп, зерделеп болғаннан кейін ғана нақты тұжырымдар жасалынады. Сондай көне дәстүрі мен көзі сақталған тарихи уақыт Қазақ хандығы болып саналады.  Осы сыр сандықтың кілті – тарих пен әдебиет. Тарихи-әдеби мұралар маған, сізге, оған  алтын көпір болмақ. Яғни, қазақ хандығы мен бүгінгі ұрпақ арасына көпір.                                                                             Алла тағаланың құдіретімен алты күнде жаратылған он сегіз мың ғалам бір жүйеге бағындырылған. Барлық тарихи кезеңдерде  адам баласының о жаратылғаннан бойына біткен мінез-құлық әрекеттері өзгермейді. Дүниеде әрбір қыбырлаған құмырсқа да, көкте қалықтаған құстар да, көл мен шөл де, суық пен ыстық та өмір сүретін мақлұқтар да, және  пенде де бір-біріне селбесіп, бір-біріне себептесіп өмір сүреді. Табиғаттың механизмдері өзгеріссіз. Адам болсын, мақлұқ болсын пайда болады, әрекет етеді, артынан бір нәрсе қалдырады, өшеді, өледі. Яғни, бәрі өтпелі, өзгермелі. Дегенменде сол өтіп кеткен дүниелер болашаққа әсер етпей қоймайды. Болашақ сол ескінің үстіне құрылады. Тек даму ғана басқаша болмақ. Болашақ ол біздің бүгініміз, ал көне, ескі дүниеміз біздің арғы беттегі ата –баба тарихы. Біздің ата- баба тарихымыздың негізі – Қазақ хандығы десек қате болмас. «Біреу өлмей, біреуге күн жоқ» демекші, Орта Азиядағы дүркіреп тұрған Шыңғысқан ұрпақтарының дәурені бітіп, Дешті Қыпшақты жаңа этникалық топтар биледі. Дешті Қыпшақтағы тарихи тартыстар негізінде жаңа ел, жаңа мемлекет дүниеге келген еді. Ол – Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылып, тарих сахнасынан ойып тұрып орын алуы жеті жүз елу жылдай уақытты қамтыды.                Қазақ Қазақ хандығының қақпасына келіп тұтқасынан ұстаған кезде, тұтқаның алтын екенін байқады. Алтын тұтқаны ұстап үлкен қақпаны ашты. Кірген кезде Дешті Қыпшақ даласына аспаннан жұлдыздар ағып жатыр екен. Әр жұлдыз әртүрлі. Біреуі тым жарық, біреуі кішкентай, бірақ жарық,  кейбірі бір сөніп бір жанып ағып өтті, енді біреуі солғын, баяу ғана ағып түсуде. Қазақтың көңілі мен жанарына жарқ етіп көрінген  екі қақпа еді. Өзі кірген қақпаның тұтқасы алтын болды, кейінгісінікі-күміс, соңғысынікі – қола. Алтын қақпаның ішіне ағып түскен жұлдыздар көз жанарын үркітеді. Өйткені олар қатты жарық еді. Бірақ қазақтың жанары шыдап жұлдыздарға тіксіне қарай алды. Алтын тұтқалы қақпаның ішінде үш жұлдыз ерекше көрінді. Бірінші жұлдыздар – Керей мен Жәнібек хандар еді,екінші жұлдыз – Қасым еді, үшінші жұлдыз – Абылай еді.                                                                         Екінші тарихи кезең «Алаш» қақпасы еді. Сонау таудың басында қақшиып тұрған маңдайларында жұлдыздары бар бір топқа қарай беттеді.  Барса жиналып қалған екен жақсылар мен игілер. Тұлғалары айтып тұр ғой шіркіндердің. Жиналғандардың ішінде Уәлихан Танашев, Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаметжан Тынышбаев сында қайраткерлер бар екен. Қазақ аяғын алшан басып, таза ауамен тыныстап тауға да жетті. Тау етегінде тұрып таудың шыңына қараса жаңағы игілер бір фигура пішініне ұқсап бастары бірігіп тұр екен. Бақылап, зерделеп ары қарап, бері қарап тұрды . Түсінді-ау, әйтеуір. Дөңгелек пішінінде бастары қосылып тұр екен. Дөңгелектің қақ ортасынан аспанға қарай ұлттық энергетиканың күші ұрып тұр екен. Қазақ, мәсссаған, расында да мыналар жай адам емес-ау деп ойлады. Жақын барып, Алладан бір-біріне берекет пен саулық тілеп аман сұрасқаннан кейін  қазақ сонау тұран даласынан өтіп, ол даланың ерлігі мен елдігін, бірлігі мен берекетін, діні мен тілін, мәдениеті мен өнерін бойына сіңіріп алғанын айттты. Енді сендерден де бойыма нәр алатындай дүниелерді қабылдап, арғы кезеңге толыққанды «өр қазақ» болып аттанам ғой деп сенемін. Тұрғандар шу етті. Біз саясаткер емес, қайраткерміз. Сондықтан саған зиянамыздан пайдамыз көп деген еді. Қазақтың ойына, аузына Құдай салды ма, оларды – зиялы деп атағысы келген еді. Әдемі ғой, расында да, зиялы қауым. Зиялы қауым өкілдерінің әрқайсының қолында бір цифрлар бой көрсетіп тұр екен. Бірінші болып тұрған – Ахмет аға Байтұрсыновтың қолында «киіз үй және қазақ» деген жазулар,  ал Міржақып аға Дулатұлының қолында «1913-1918» деген сан, ал Әлихан аға Бөкейхановтың қолында «1913, 2 ақпан» деген сан, Жанұзақ аға Жәнібекұлының қолында «265» деген сан тұрған еді. Ал бағанағы ұлттық энергетика мен аспан арасында көпір бар екен. Ол көпірде – «ұлттың бостандығы мен азатттығына, ұлттың ұлттық танымы мен  идеяларына, ұлттың болмысына , ұлттың мәдениеттілігі мен біліміне, жан-жақтылығына қызмет етеміз» деген жазу  көк пен сары түстердің қанық бояларымен қақшиып  тұрып таңбаланған екен. Қазақ бағана көрген сандардың сырын ұқпады. Бірде Ахмет Байтұрсынұлының қолынан парақ-парақ болып жиналған, басы бір бүтін газетті көрді. Барып сол газетті қолына алып, шеңберден шығып, жер анаға жантая кетті де газетті парақтады. Газеттің мұқабасының өзі бір ерекше еді. Мұқабасында киіз үй және тура ортасында 1913 деген цифрды көрді. Бұл цифрдың сыры дөңгеленіп бірігіп тұрған қазақ халқына  өркениеті дамыған елдердің білімі мен ғылымы аспан арқылы киіз үйдің түндігінен арайлы шуақ болып құйылсын деген мақсатта құрылған   басылымның дүниеге келген күні екен. Арайлы шуақтың кейбір тұстары бөлініп -бөлініп қалыпты. Бес бөлікке бөлінген. Ол бөліктердің айтары: «бес жылдан кейін мына арайлы шуақ өтіп тұрған түндік жабылады, ал киіз үй жапаң далада бүрісіп бір бүтін болып, талай ызғарлы кезеңдерден өтеді»,-деген ой еді. Табиғаттың сұсты, ызғарлы күнінде бұл газет ұлтқа қарай беттеді. Басы қатты суықтан басталғанымен, ертең артынан тәтті күндердің туатыны Алаш зиялыларына мәлім еді. Бір жылда үш жүз алпыс күннің бар екенін Қазақ білетін еді. Бірақ, «Қазақ» газеті бес жылда екі жүз алпыс басылым шығаратынын білмеген. Мұқабасынан сонша дерек алған Қазақ, екінші парағын ашуға қорқынқырап барып ашып жіберді. Екінші парақтан атойлап тұрған Ахметті көрді. Ахмет аға газеттің шымылдығын мынадай мақаласымен ашқан екен ««Жұртым» деп халықты арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады. Халыққа газеттің осындай пайдалы қызметтері бар екендігін білген жұрттар газетті киетін киімі, ішетін тамағы, үстіндегі үйінен соңғы керек нәрсеге санайды. Газеттің пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан неғұрлым білімді, өнерлі халық болса, соғұрлым газет-журналдары көп...». Осы сөздері Қазақтың жүрегін дір еткізді. Бағанадан түсінбей отырғанын қанық түсінгендей болды. Қазақ өзіне айтты, бүгіннен бастап «газет менің естір құлағым мен көрер көзім, ойланатын миым мен сөйлейтін сөзім» . Сөйтіп бүкіл бетті парақтады. Ой ,Қазақ не көрмеді газеттен.  Ұлтымыздың мақал-мәтелдерін, тақпақ-өлеңдерін, жыр-дастандарын, қиссаларын, аңыз-әңгімелерін, көркем прозаның түр-түрін, тіл мен дінді, ділді, білімді, бостандық пен тәуелсіздікті, бодандық пен қасіретті, жалқаулық пен ұяңдықты, ескішілдік пен надандықты, табынушылық пен атеизмді, сатқындық пен жауыздықтың түр-түрін көріп, оқып, Қазақтың парша-паршасы шығып, көзі мөлдіреп, жас тама берді, тама берді, бір кезде «қайран, менің, елім- ай»,- деп зарлады.  Зарлап, барлап болған кезінде бетіне күн нұры түсті. Қазақ сонда былай ойлады «Еңсесі түскен елдің есін жиғызған, жапа шегіп, зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді? Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді? Қазақты қазақ қылған кімдер еді? Ұлтынан мақтау күтпей, пайда табуды ойламаған, ел үшін отқа түсіп, суға батқан кімдер еді? Қасиетті бабаларымыз – АЛАШ ардақтылары еді» - деді де жүріп кетті.                                                                                               Екі кезеңнен өткен Қазақ әбден шаршады. Шаршағанына қуанышты, әрі бақытты. Өйткені ол шаршаудың арты соқпақ болғаны мен алды даңғыл жол. Үшінші кезеңге аяқ басып тұрып Қазақ «Рухы мықты елдің іргесі берік, сезімі биік, болашағы кемел»,- деп босағаны аттады. Босағаны аттағаны сол еді, жерге топ ете түскендегі саф ауаны осы жолы тағы да жұтынғандай болды. Азаттық пен жауаптылықтың иісі мұрнына келіп, бар жан-тәнімен соны тұшынды.  Аты айтып тұрғандай, расымен де Нұрлы жол екен. Бастысы тыныш қой, бейбіт қой, халқы бақытты ғой. Нұрлы жолдағы тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Ұлттық жаңғыртулар негізінде жаңа құндылықтарды қалыптастырдық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық.                                                                                                 Жолға қарап, басын көтеріп, өр қазақ екендігіне қуанып тұрып «Бұл әлемде ең бастысы – біздің қай жерде тұрғанымыз емес, қандай бағытта жылжып барамыз – міне, сонда», - деді де артына қарамастан алға қарай маң-маң басып жүріп кетті. Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (2 голосов, средний бал: 5,00 из 5)
Загрузка...