Асетулы

 ED0_3401Литература моя любимая тема. С детства читал многих казахских и зарубежных писателей. К примеру меня сказки Ханса Андерсена так притягивали даже думал стать сказочником. Но судьба вела меня в журналистику. И писать стал рассказы с 2000 годов. На сегодня у меня три книги. Все издавались по госзаказу.

Literature is my favourite theme. From little up read many Kazakh and foreign writers. For example me the fairy-tales of Ханса Andersen so attracted even thought to become a tale-teller. But a fate conducted me in journalism. And began to write stories from 2000. For today for me three books. All was published on a state order.


Рассказ “Үрей”

Отрывок

  – Сізге айтатын бір сөзім бар еді. Уақытыңыз болмаса кейінірек сөйлесерміз…

Сабағына асығыс адымдап бара жатқан Бақытжанды бір кезде өзі оқытқан жас жігіттің сөзі селк еткізді. Шынында жүрегі зу ете қалды. Оның себебі де жоқ емес. Дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін бұл өзі оқытқан талай жеткіншекті қинағаны бар. Тіпті, «жігіт емеспісің» деген желеумен біраз бозбаланы бұзақылығы үшін сабақ үстінде түймештеп те алатын. Соның бәрі алдынан шығатын сияқты. Осы Қабылбектің де етін талай көгерткен. Енді, міне амандаса салып, бірден сөйлескісі келетінін жеткізді.

«Бұның ойы бұзық. Әйтпесе, әскерден келгені кеше ғана. Әлде, аксерблаттың желі әлі кетпей жүр ме екен?! Мүмкін…

Әрине, мұғалім болған соң оқушылардың тәртіпті, үлгерімі жақсы болғанын қалайды. Сол себептен де талай оқушыны қан қақсатқан. Бірақ солардың бәрі де бұның қинағанын ұмытып кетті. Кейбірі дардай жігіт болып, келіншек түсіргеннен кейін де бұның алдында именіп, қысылып тұратын. Ұялатын. Ақыл сұрайтын. Сыйлап, «…біздің ағайымыз» деп жас келінге сыбырлап жатқанын талай естіді. Содан бері өзінің құрметі асқанына сеніп жүруші еді…

Ал, мынау ма, мынау… Өзінің бетпақтығы бес қабат сияқты еді. Бірде белтемірге бекіткен мөлшер бойынша тартыла алмаған осы Қабылбекке екі қойған-ды. Сол жолы бала жігіт көппен бірдей-ақ тартылған. Бірақ ұстазының өзіне қатаң талап қоятынына ызаланып, көз жасына ерік беріп қойды. Алдымен тесірейіп, бұны көзімен жеп қоярдай түйіліп қараған Қабылбек өзінің әлсіздігіне, жетімдігіне шарасыз екендігін ұққандай бұрылып, көзінің жасын жеңімен сүртті, бойжеткен қыздардың алдында ыңғайсыз күйге түскеніне өкініп, күрсінді. Сонда бұл, шәкіртінің өксігенін сыныптастарының көзінше күлкі қылғаны бар.

Әй, өзі де оңбайды. Жасы кішілерді көрсе жыны ұстап кете ме, әйтеуір, қылжақ қылуға, мазақтауға дайын тұрады. Онысына кейде күлкілі сөз, қыжыртпа тіркес қосылады. Соның өтеуіндей болатын талай сөзді бұл да естіді. Боқтық, қыжыртуды құрбы-құрдасы кездескен сайын айтады. Ал, бүгін санасын дір еткізген жаңағы сөз…»

Мектеп қоңырауы сылдырлағанда Бақытжанның көңіліне күдік кіргізген үрей сейіле берді. Алғашқы сабағы өтетін спортзалға қарай дәлізбен адымдай жүріп кеткен мұғалімді сыртынан көрген адам: «Неткен қамсыз жан?!» деп ойлайтындай.

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (16 голосов, средний бал: 3,94 из 5)

Загрузка...