Аружан

DSC_6195Здравствуйте! Меня зовут Аружан. Мое имя означает "душа-краса". С детства люблю читать. В школьные годы в основном читала только учебники и сказки. После поступления в ВУЗ, у меня появилось больше времени почитать. Предпочитаю жанры научной фантастики и детективы. Кроме чтения, очень интересуюсь английским языком. Моя цель - прочитать произведения Артура Конан Дойля на оригинале. Слушаю классику и корейскую поп-музыку.

Hello! My name is Aruzhan. I’m interested in many things such as music, reading books. Especially I love to read books in English language. Because, I want to improve my English. Moreover, books help me to continue my education. Nowadays, I read detective stories about Sherlock Holmes by Sir Arthur Conan Doyle. I also love music. I can’t imagine my life without it. I prefer listening to classical music, also k-pop. I have a big dreams, big ambitious and I do my best to reach them. I hope I am a good daughter for my parents. I'm going to develop myself and become the better than before. I’m happy to be in this competition. I wish good luck to others. Тhank you for your attention!


Эссе "Мәңгілік елдің нұрлы жолы"

 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған тарихи сананың қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуды бастаған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі ата-бабаларымыздың ел азаттығы жолындағы ұлы күрестің мазмұнын ұғындық.

Қазақ елі «Түрік бірлігі» идеясынан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына дейін идеологияның өшуіне, бұрмалануына, ұмытылуына дейін барған ұзақ процессті бастан өткерді. Бүгінгі таңда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген түрік мемлекеттерін жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы нақты өз жемісін берді. «Еуразиялық Одақ» құру идеясын Елбасы 2005 жылғы жолдауында: «Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. ...Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз, сыртқы қатерлеріміз де ортақ»,- деп жариялаған болатын. Ия, Елбасы қалтқысыз сеніп ерен еңбек сіңіріп келе жатқан түрік мемлекеттері арасындағы бірлік – ең әуелі олардың арасындағы экономикалық ынтамақтастыққа негізделген. Түрік елдеріндегі экономиканың қарқынды дамуы, елдердің күш-қуатының артуы интеграцияның өміршең болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан түрік мемлекеттерінің бірлігі Қазақстан үшін де, өзге түрік мемлекеттері үшін де аса маңызды. Өкінішке орай, Елбасының осы бағыттағы еңбегіне қарамай, түрік мемлекеттері толық бірлікке қол жеткізе алмай келеді. Яғни, Түркіменстан мен Өзбекстан Түркі кеңесіне мүше емес. Бұл жөнінде Түркі халықтарының кеңесі Бас хатшысының орынбасары Дархан Қыдырәлі ағамыз: «Қазақта төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген дана сөз бар ғой, сол бізге қарата айтқан сияқты көрінеді кейде. Алтау ала болса да, төртеу түгел. Дегенмен, төрт құбыла түгенделуі үшін алтаудың ала болмауы абзал. Алтаудың ауызбірлігі Алаштың айбынын асырады, ағайын арасындағы айыбын да жасырады. Бұл орайда Түркіменстанның тарапсыздық ұстанымы бар екенін айта кету керек. Әйтсе де, бұл елдің лауазымды тұлғалары саммитке қатысып тұрады. Біздің кеңсенің алдында мүше елдердің тулары тігілген алты тірек бар, олардың екеуі қазір иелерін күтіп, бос тұр. Таяу болашақта осы екі тіректе мемлекеттік тулар желбірейді деп үміттенеміз», - деді. Ал, 2012 жылдың 12 желтоқсанында Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтың 100 жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты конференцияда сөз алған алтайлық ағамыз Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» - деген қанатты сөзі күллі түркі халықтарын бір шарлап шыққаны, сананы дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатқаны жасырын емес. Жалпы, XXI ғасырды Түркі мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып та келеді. Осы орайда: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Еуразия кеңістігін түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп алуға болады. Біздіңше, Шыңғыс хан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», - дейді Дархан ағамыз. Елбасы осының бәрінен ой түйе келе, «Қазақстан – 2050» стратегиялық Жолдауында өз бойына тығып ұстаған ұлттық идеяны паш етті. Көне түрік заманынан бері өлмей келе жатқан азаттық философиясы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жарыққа шығарды. Өткен ғасырдың 90-жылдары «Н.Назарбаев ауылды қиратты» десе, бүгінде « Назарбаев қазақ халқының есебінен өзге ұлттарды жарылқап отыр» дейтін заргөйлер селкеу салған көңілдерге өз жолының анық, мақсатының айқын екенін тағы бір көрсетті. Қазақтың ұлттық идеясы – «Қазақ мемлекеті» ұғымын ауызға алды. Ия, бұл бақандай жиырма бір жыл  күттірген тарихи жаңалықтың жаңғыруы болды. Сонау 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңының VI-тарау 15-бабында айтылған «ұлттық мемлекет» ұғымы одан кейінгі бірде-бір тарихи құжатта айтылмай, ұлт жанашырларының көңілдерін күпті еткені жасырын емес. Осы стратегияда «Қазақ мемлекеті» ұғымының жаңғыруы – селсоқ тартқан көңілдерге қанат бітіруі тиіс деп ойлаймын. Бұл стратегияның негізгі ерекшелігі де осында еді. Айта кету керек,  Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының Елбасының тікелей тапсырмасымен салынуының өзі, саяси биліктің бұл идеяны жарияламай тұрып-ақ тыңғылықты даярланғанын көрсетеді.

Мәңгілік Ел...Мұны заңғар таудың шыңы деп есептейтін болсақ, сол шыңға жету жоспары, яғни бағытымыз болу қажет. Міне, сондықтан да Елбасымыз алғашқы қадамымызды, жетер бағытымызды соңғы Жолдауында айқындап берді. Жолдау соңында: «Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық», - дей отырып, бағытымыздың даму даңғылын жарық нұр іспеттес жолға теңеді. Осы тұрғыдан келгенде Елбасы Жолдауының күн тәртібіне дер кезінде  әрі өте орынды шығарылғаны еш күмән туғызбайды.

Жаһандық күрделі үдерістер, әлемдік геосаяси және геоэкономикалық дағдарыстар, дүниежүзілік беймаза әлеуметтік, мәдени жәни діни ахуал – осының барлығы адамзат алдына шырмауы шым-шытырық мәселелер тудыруда.  Қазіргідей көзді ашып-жұмғанша ертеңің кешегіге айналатын заманда жайбасарлық жақсы нышан емес. Сондықтан да болар, Жолдаудың мұнша жылдам боларын ешкім де болжап-білмей қалғаны. Оның үстіне әңгіме ел мен жер үшін, Ұлттық мемлекеттілік пен ұлт үшін аса өзекті міндет пен мақсаттар төңірегінде қозғалып отыр. Бұл ретте Халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тәрізді саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани маңызы айрақшы мерейтойларға да өз бағасы беріліп отырғаны қуантады.

Тамақ және химия өнеркәсібіне, машина жасау, қызмет көрсетулер салаларына қатысы бар шағын және орта биз¬неске, әрі  кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард бөлініп отыр. Халықтың көпшілігі үшін аса маңызды банк секторын сауықтыруға келер жылы қосымша 250 миллиард жұмсалмақ. Ұлттық мемлекеттігіміздің халықаралық абыройын әспеттейтін ЭКСПО-2017 кешеніне, көліктік-логистикалық,  индустриялық  энергетикалық және тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайтып, одан әрі дамытуға бөлінген қаржы көлемі қыруар. Білім, тәлім мен тәрбие  саласына байланысты, әсіресе  балалар бақшасы жүйесінің дамуына 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге, мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд. теңге бөлінбек. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылып, жол құрылысына 70 млрд. теңге жұмсалмақшы. Батыс пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани байланыстарының күрематыры болған Ұлы Жібек жолы өтетін Қазақстан үшін жол, транспорттық логистика  мәселелері ерекше маңызға ие екендігі әбден түсінікті. Айналып келгенде, аталмыш әлеуметтік-экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, Ұлттық мемлекеттігіміздің тұғырлы тіректері.

Түп шежiресi сонау ежелгі ел – Мәңгілік Ел түркiден бас алатын қазақ халқының шерлі шежіресіндегі күрмеуі көп күрделі сұрақтардың ең өзектісі – этногенез, этникалық тарих, оның ішінде  ұлттық мемлекеттілік мәселесі. Отандық тарихнамада бұл сонау Шоқан, Абай, Шәкәрімдерден бастап талай талқыға түсіп, зерделеніп келеді. Десек те, кеше ғана Елбасы Жолдауында жарияланғандай, келесі жылы Қазақ хандығының, ендеше қазақ мемлекетінің, түптеп келгенде Ұлттық мемлекеттілігіміздің іргесі қаланғанынына 550 жыл болатыны тайға таңба басқандай айқындалды.

Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы-қиыры жоқ Ұлы даланы «үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп келе жатқан халқымыз әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен ұлықтанып келеді. Десек те, бас-аяғы бес жарым ғасыр ішінде қазақ халық ретінде, Қазақстан мемлекет ретінде небір тар жол, тайғақ кешуден өттi. Керей мен Жәнібек, Хақназар мен Тәуке хандар тұсында азуы алты қарыс көршілерінен еш қаймықпай, қалыспай, терезесін тең ұстап, ел мен жұрт үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. XVIII-XIX ғғ. ағайын арасы алшақтап, көз ала болса да, көңіл құла болмаған алмағайып кезеңдердің өзінде жер бетiнен жойылған жоқ. Бостандығы босқындыққа айналса да, бодандығы қыл бұғаудай қылдырса да, көкейін қара бұлт басып, қасiретi шаш етектен асып, жатса түсiнен, тұрса есiнен еркiндiк пен егемендік идеясы  кеткен жоқ. Іргесе отырып, сіресе жүріп  iргелi елдігі мен ерлігін, жоралы жұрттығын, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалды. Ол да болса қазаққа ілкіден тән сол баяғы Ұлттық мемлекеттілікке деген ұлы махаббаттың, еркіндік сүйгіш ерік-жігердің, тәуелсіздікке деген арманын дүниедегі бар асылына балаған асқақ рухтың арқасы.

Бүгін міне, Қазақстан  әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүр, ұлттық мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін қамтамасыз еткен   мемлекет. Саяси егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен бекітілуде. Әлеумет әлденуде. Керуен жүріп, көш түзелуде. Ұлтаралық татулық пен халықтар достығы саяси тұрақтылығымыздың мәуелі мәйегiне айналып отыр. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, жаңарып жатыр. Егемендігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз табанды болған, сөйтіп алдымызға ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалар қойып, жүзеге асыру жолында күні-түні еңбектеніп жатқан, ұлтымыздың рухани қуатын, қайыспайтын қара нардай қайратын, арыс алдаспандай сенім мен жігерін желдің жүзіне суарып, шыңдап жатқан осынау кезеңі – сол Ұлттық мемлекеттілік идеясының ғасырлар бойғы рухани күресінің заңды жемісі де, тарих алдындағы жеңісі де!

Жетістік - кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде.  Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпыұлттық идея - қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың  ошағына айналмақ. Мәңгілік Ел болу үшін қазақ – шаңырақ, этностар – уық, ынтымағымыз – кереге болу қажет.

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (53 голосов, средний бал: 4,17 из 5)

Загрузка...