Абубакир Манарбек

тофоЗдравствуйте я автор книги с графическими рисунками и рассказом про батыров эпоса. Это моё первое произведение.

Сказка "Эпос Батырлары"

отрывок

Манарбек Әбубәкір

Эпос батырлары

1

Ұлы қазақ даласы атқан таңның арайымен нұрланды. Таңғы тыныштықты жауынгерлік  аттанға ұқсас  қыран бүркіттің  аспанды жаңғырықтыра шаңқ еткен даусы тіліп өтті.  Дала бөрісі  тісін шықырлата ырылдап, қыранның  өліспей беріспеуге шақыруын күтіп  қадалып қалған. Кенет әлдеқайдан  шыққан бір  өзгешедауыстар  көкшуланның назарын еріксіз аударды. Ол қауіптің жақын қалғандығын сезді,  күншығыс жақтан сарбаздар жасағы шықты. Алдында келе жатқан Қобыланды қасқыр мен қыран бүркітті көзі шалған кезде олардың  аянбасқа бекінген айқастарына кедергі болғанын түсінді.  Бұлар бір-біріне лайықты дұшпандар: батыр қыран бүркітті  бүркітшінің қасқырға қалай салғанын талай рет көрген болатын.  Алайда қазір олардың айқасын  қызықтайтын уақыт емес, батырдың соңында аттылы жасақ келе жатты. Ол тек бүлкектей қашып бара жатқан қасқырды көзімен ұзатып салды да, бүркітке назары түскен кезде оның жайын түсінгендей:

–  Шынайы айқастакездесетін күн туады әлі сендерге, – деді.

Соңынан ерген жасағын көзімен шолып, алдағы  айқаста өліспей беріспеуге бекінген баһадүрлерінің сеніміне  көңілі толып, ризашылығын білдірді.  Қобыланды батыр төбенің  биігіне тоқтап, алыс көкжиекке көз тікті. Ол күтті. Көп күттірмей жауынгерлік ұран естілді, ол жымиып, жақын  үзеңгілес серігіне:

– Мен  Ер Төстік бауырымның келгенін естідім, – деді.

Іле-шала енді бір жақтан  ұран естілген  кезде батырдың дауысы   қатты шыққаны сонша, тіпті жақын тұрған жауынгерлерді селт еткізді:

– Бұл менің  кенже бауырым Алпамысқой!

Қобыланды батырдың  сарбаздары  қуатты жауынгерлік ұранмен қолдап кетті. Біраз уақыт өткенде, күткеніндей, үшінші  мәрте ұран естілді, оған Қобыланды қуана күліп дауыстап алақайлап қоя берді:

– Алдар Көсебауырым!

Сарбаздар қылыш-найзаларын көтере ұрандап, Қобыланды батырдың бауырларынақошеметтерін білдірді. Жасақ орталарын ашып, үш батырға жол берді. Ер Төстік, Алпамыс,  Алдар Көсе үшеуі өздерінің үлкен ағаларына ереуіл тұлпарларымен  жақындап келіп, бір қатарға сап түзеді. Үш батырдың  әрқайсысының соңында өздерінің туған  ауылдарының ерлерінен жиналған  жеке жасақтары бар.  Қобыландыға жақындағанда  бірінші болып Ер Төстік тіл қатты:

– Үйіңде құт-береке болсын, бауырым!

–  Өздеріңнің  үйлеріңе де ынтымақ пен береке ұяласын, бауырларым, – деп жауап берді  Қобыланды.

Төртеуі де аттарынан қарғып түсіп, бауырларша  кезек-кезек құшақтарын  айқастыра амандасты. Ер Төстік бірінші болып  сөз бастады:

– Аға, денсаулығың жақсы ма? Балалар қалай? Ауыл аман ба?

–  Шүкір, бәрі де Тәңірдің жарылқауының арқасында, – деп жауап берді Қобыланды, –  Сендер қалай өмір сүріп жатырсыңдар, отбасыларыңның жағдайлары жақсы ма, ұрпақтарың өсіп-өніп, мал-жаның көбейіп жатыр ма?

Оған Ер Төстік :

– Бізде де, аға, Тәңірдің жарылқауымен ауылдағы бауырларымның қазандары қайнап, түтін саны өсіп келеді. Әсіресе Алпамыс бауырымтәңірдің жарылқауымен,   іші пысқаннан ай сайын ұл туғызады,

– Тәңірдің арқасында,– деп Алпамыстың қуанышына ортақтасқан Қобыланды батыр оған жымия қарады.

Алпамыс жеңіл әзілді елең қылмай жауап беріп жатыр:

– Енді не істеймін, аға, ауылда болсам, келіндерің тыныштық бермейді.

Алдар Көсе Ер Төстіктің  әзіліне үндемей қала алмады:

– Иә, Алпамыс бауырыммен дауласа алмайсың, бірақ бұл жерде бір кілтипан бар. Сен білесің ғой, аға,  біздің кенжеміз оңайшылықпен шаршамайды,  сондықтан да ондай батырдың кіндігінен тек ұлдар ғана туады, уах-ха-ха, – деген Алдар Көсенің күлкісін қалған бауырлары іліп алып кетті.

– Біздің кенжеміздің  ұлдары – ол біздің Отанымызды қорғайтын жаңа ұрпақ қой, – деп, Ер Төстік әңгімені жаңа арнаға бұрды.

– Иә, сен дұрыс айтасың, Ер Төстік бауырым. Бүгін  біз өзіміздің әкелеріміз бен аналарымызды, әйелдеріміз бен  балаларымызды, елімізді, жерімізді басып алмақ болған дұшпаннан  қорғау үшін жиналдық, – деп қатулана сөйледі Қобыланды. Содан соң сарбаздарына қарата:

– Сарбаздар! Бауырларым менің! Бүгін біз   шақырусыз келіп, жерімізді басып алмақ болған  дұшпаннан  Отанымызды  қорғау үшін сенім мен  ұлы рухтың қолдауымен  бауырлас қазақтардың қанын  төгеміз. Біздің жауларымыз біздің қонақжайлығымызға үйреніп, ақкөңілдігімізді әлсіздігіміз деп түсінген сыңайлы.  Ол қорқауларға бауыр екендігімізді, бірлігімізді көрсетіп,  оларды тәубелеріне келтіреміз, және мәңгілік ұмытпаулары үшін терең тыртық қалдырамыз. Бауырларым, мен сендердің  ар-намысты ту ететіндеріңді білемін, бірақ өмірлерің бекерге қиылмасын:қылыш қаруларың, қалқан қорғандарың болсын. Өз жақындарыңды жаралап алмаңдар, менің үйреткенімді естеріңде сақтаңдар. Мен жүрегімді жараламау үшін  ұрыста артыма қарамаймын.

– Бауырым, біз сенің артыңнан жүріп, сенен қалған жауды жер жастандырамыз, – деді бір жауынгер, қалғандары  оны қолпаштап қосыла кетті.

Сарбаздарына риза болған Қобыланды батыр:

– Аруақ! – деп ұран тастады.

– Аруақ! – деген сарбаздардың ұраны  дарқан даланы жаңғырықтырып кетті.

Алдыдан  аласа жоталардың арғы жағынан  төбелер көрінді. Көкжиектен ту көтерген сансыз аттылар  шықты. Бұл ұрыс алаңына жақындап келе жатқан жау жасағы еді.  Қазақ даласына қара бұлттай қаптаған жауыздық ордасы лек-легімен ұрыс алаңына жылжыды. Төрт  бауыр жау жасағының  бүкіл дала көкжиегіне  қанат жайғанын көрді. Алпамыс:

– Жақсы жиылған екен, жеңістен дәмелері зор сияқты, –деді.

Ер Төстік:

– Олардың Жанғар ханы  бұл шайқас үшін  еркек атаулының барлығын  жинады. Ол осы ұрыста жеңіліс табудан қорқып,  тіпті зұлым күштерді де пайдаланған, –деп жалғастырды.

Алдар Көсе:

–  Қара күштер... бұл олардың жауыздық ойы, мен бұдан ешқандай  күшті көріп тұрған жоқпын, – деп ағасының сөзін бөліп кетті.

– Алдар бауырым, – деді Қобыланды ойлана, – Менің естуімше, олардың Жалмауыз кемпір деген одақтасы бар көрінеді, Ер Төстік соны меңзеген шығар.  Жанғар хан соған сенетін сияқты.

Ер Төстік:

– Олар тіпті бірі үшін бірі жаралғандай: зымиян жалмауыз кемпір  Жанғар жасағының  күш-қуатын  сезініп, оған өзінің зұлым күштерімен дем бермек болған, – деп жалғастырды.

– Қазақ батырының күшіне ештеңе де тең келе алмайды. Қарсы келген дұшпанның  барлығының  да тас-талқанын шығаруға шамасы жетеді оның,– деп Алпамыс батыр  батыл жауап берді.  Оған Ер Төстік:

– Сенікі дұрыс, бауырым, бізді Тәңірдің өзі қолдайды, қас дұшпанды жермен жексен етеміз, – деп қызулана қолдады.

Даланың бір қиырында жау жасағының артында  қостар мен  көшпелі киіз үйлер пайда болды. Төбенің  ең биігіне хан шатыры тігілді.

Жанғар хан өзінің мәртебелі тағына жайғасып, оң жағына жалмауыз кемпірді алды, ол үлкен ожаумен қайнап жатқан қазанды араластырып отыр. Ол кәрі де емес, жас та емес,  қара ниетті жауыз болса да сырты сұлу,  ажарлы еді.

– Қазаның не дейді? –  деп  сабырсыздана сұрады Жанғар.

– О, тақсырым,  жалмауыз кемпір– мен және сен екеумізді  жат елдердің жерін жаулау үшін тағдыр қосты.  – Мен сенің сенімді одақтасыңмын, менің міндетім сенің күш-қуатыңды  сақтау, шығыныңды азайту.

– Үнемшілмін десеңші, – деп күлімсіреді хан.  Оған кемпір шамданып, ашуланып қалды:

– Әй, сен  парықсыз хан,  мен саған хан ретінде айтып тұрмын, ал сен мені жаугершілікте  бодан болып қолға түскен  немесе өзіңнің кезектегі  көп әйелдеріңнің бірімен  салыстырып тұрсың.  Мен өзімнің намысымды таптатуға жол бере алмаймын,–  деп дауыс көтеріп, дүлей ашуға мінді. – Сенің хан болып әр соғыста жеңіске жетуің мына менің арқамда емес пе еді?!  Хан оның сөзін бөліп жіберді:

– Әй, сен жайырақ,  әуелі өзіңнің орныңды біл. Әкемді уландырғаның мені хан тағына отырғызғаның емес.  Мен өзім-ақ оны о дүниеге аттандыратын едім. Ал парықсыз дегенің үшін мен сені кешіремін, бүгін көңіл күйім  жауынгерлік жағдайда.  Кел, істің мән-жайын сөйлесейік, – Жанғар хан оның ашуын баса сөйледі.

– Хан ием, – деді Жалмауыз  кемпір аздап ашуы  басылған соң. – Саған шындығын айтайын, жау жасағының саны аз, –  деп, қазанға  дуаланғандәрі мен мал мүшелерінің кесектерін  тастай отырып, – бірақ олар жауынгерлік рухымен мықты. Өзіне бек  сенімді хан киіп кетті:

– Маған рух деген не, тәйірі! Менің күш-қуатыма қарсы  азғана жиын не істей алар дейсің? Мен  әп-сәтте-ақ  олардың тас-талқанын шығарамын. Менің Жабал батырым кез келгенін жайратады.  Тіпті бауырмыз деген ана төртеуі  бірдей жабылса да менің батырыма төтеп бере алмасына сенімдімін.

– Сенің өркөкірек менмендігің мені таңғалдырады, – деді кемпір. –  Мен тіпті алдағы  шайқастың қалай боларын да болжай алмай тұрмын.

–  Өзіңнің күмәніңді ішіңде қалдыр, сен одан да  маған күш беретіндей дуа жаса, менің жасағымның шығыны аз болсын, – деп аздап ойланып барып, даусын бәсеңдетіп:

– Біздің дұшпанымыздың рухынан басқа сені не мазалайды? – деп сұрады.

– Әміршім, Қобыланды, Алдар Көсе,  Алпамыс пен Ер Төстік  тек бауыр ғана емес,  халқы қолөнершілер, малшылар соңдарынан ерген сенімді қолдаушылары.

– Ақымақтар, олар маған қызмет етсе болар еді.

– Жоқ, хан ием, бұл халық өзгеше, олар өлсе де құл бола алмайды.  Мен өзімді не мазалайтынын айтайын. Бірде мен бұлардың бір руынан шыққан  Қамбар атты батырларына дуа жасаған едім. Ол мені іздеп  тауып алып көзімді  жоймақ болды. Бұл батыр менің  әдемі перілермен сиқырлағаныма  да,  найзағай түсіргеніме де қарамай мені тауып алды.

Ақыр аяғында мен оның жанын жаһаннамға жібердім.  Ол мені өзінің рухымен қорқытты.  Ал мұнда осындай төрт бірдей батыр бар.

– Оларды да жаһаннамға аттандыр.

– Иә, хан ием, оларды жер бетінен мүлде аластап,  барлық халықтарға өз билігімізді ғана жүргізетін боламыз.

Очень плохоПлохоУдовлетворительноХорошоОтлично (11 голосов, средний бал: 3,91 из 5)

Загрузка...